Жүректі жұмсартатын 7 амал
Жүректі жұмсартатын 7 амал
8 жыл бұрын 5504 old.muftyat.kz/
Қажымұхан Қамбарұлы, Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітнің наиб имамы

«Естеріңде болсын,  Алланы еске алумен жүректер жай табады»,  (Рағыд, 28)

1) Алланың кәләмі – Қасиетті Құранды ықылас-ынтамен күніне бір бет болсын оқып тұру. Әрі Алладан амалда ықыласты болуды сұрап, дұға жасау;

2) Қоғамда жақсы жандармен бірге болып, олардың сөздері мен істерін үлгі тұту. Жеке қалған уақытта жасаған күнәларын еске алып, тәубе ету;

3) Өлімді және оның ащы дәмін сезініп, жәннат пен ондағы нығметтерді, тозақты және ондағы азаптарды үнемі еске алып жүру;

4) Әр кез молаларды зиярат етіп, өлімді еске алу. Науқастар мен хәл үстінде жатқан жандардың жағдайынан хабар алып тұру;

5) Күнделікті өмірдегі көп күлу, көп сөйлеу, көп жеу сынды жағымсыз әдеттерден арылып, сауапты һәм пайдалы ғибадаттарға көбірек көңіл бөлу;  

6) Жаратушы Алланы зікір етіп, жаратылысты пікір етіп, әсерлі насихаттарды тыңдауға дағдылану;

7) Алып аспан, төселген жер, ондағы сансыз нығметтер жайлы ой жүгіртіп, үлкен және кіші күнәлардан бойды аулақ ұстау.

0 пікір