Жоғалтқан нәрсеңізге қайғырмаңыз, сізде басқа да көптеген нығметтер бар! (Мотивация)
Жоғалтқан нәрсеңізге қайғырмаңыз, сізде басқа да көптеген нығметтер бар! (Мотивация)
1 жыл бұрын 2299
Аяз әл-Қарни

Жоғалтқан нәрсеңізге қайғырмаңыз, сізде басқа да көптеген нығметтер бар! Алланың мол нығметін, Оның көл-көсір сыйлықтарын ойлаңыз. Сөйтіп оның берген нығметтері үшін құдайға алғыс білдіріңіз. Біліп қойыңыз сіз Алланың берген сыйлықтарына көмілген жансыз.

Алла Тағала Құранда: «Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар» дейді.

Басқа бір қасиетті аятында: «Алла сендерге іштей және сырттай (көрінетін және көрінбейтін) нығметтеріне қарық қылғанын көрмейсіңдер ме?» дейді. («Лұқман», 20 аят).

Және бір аятында: «Сендерде қандай нығмет болса да, ол - Алладан келген нәрсе» делінген.

Сондай-ақ, пендесіне берген нығметін еске салып былай дейді:

«Біз оған (адам баласына) екі көз, бір тіл және екі ерін жасамадық па? Сондай-ақ, оған екі жол (дұрыс пен бұрыс жолдарын) көрсетпедік пе?...» («Бәләд» сүресі, 8-10). 

Ойланып қарасақ, біздің өмірімізде Құдайдың берген сансыз нығметтері бар екен: өмір сүру нығметі, денсаулық нығметі, есту және көру нығметі, екі қол мен екі аяқ нығметі, су мен ауа, азық-түлік нығметі т.б. және соның ішінде ең ұлығы - Ислам нығметі бар.

Егер адамның бірі келіп: «Екі көзіңді миллион долларға сатасың ба? - десе, немесе «екі құлағыңды миллион долларға сат!» десе, яки, "екі аяғыңды немесе екі қолыңды миллион долларға бер" десе, не болмаса, "жүрегіңді миллион долларға бер" десе, келісер ме едіңіз? Ендеше, бір тұла бойыңыздың өзінде құнын шақсаңыз, құны жоқ, қаншама байлық бар! Ал сіз соның қайсы бірі үшін Құдайға алғыс айттыңыз?

Сондықтан, жоғалтқан әлдебір нәрсеңіз үшін қайғырмаңыз, өйткені сізде басқа да қымбат дүниелер баршылық!


Аяз әл-Қарни, "Лә тәхзан". (Араб тілінде) 

Абдусамат Қасым 

 

 

0 пікір