Жан-жануарға жасалған жақсылықтың сауабы
Жан-жануарға жасалған жақсылықтың сауабы
8 жыл бұрын 4410
Құдайберді Бағашар

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.у.) мына бір хадисті жеткізеді:

  «Бір жолаушы жолда кетіп бара жатып қаталап шөлдепті. Сөйткенше болмай алдынан бір құдық кездесе кетіп, су алып ішіпті. Су ішіп шыққаннан кейін қараса, шөлдегені сонша тілі аузына сыймай салақтап кеткен сонадай жерде жатқан итті көріпті. Ит өзінің шөлін қайтіп басарын білмей топырақ жалап жатса керек. Мына ит те бағанағы мен құсап қатты шөлдеген екен ғой деп ойлаған жолаушы дереу қайта құдыққа түсіп аяқ киіміне су толтырып әкеліп иттің шөлін қандырыпты. Жолаушының бұл жақсылығының Алла Тағалаға ұнағаны соншалық әлгі кісінің жасаған барлық күнәларын сол мезетте-ақ кешірген екен».  

  Бұны естіген сахабалар:

- Уа, Алланың Елшісі! Сонда мал-жануарларға жасаған жақсылық үшін де бізге сауап жазыла ма?- деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Көкірегінде жаны бар қандай жан-жануарға болсын жасалған жақсылықтың сауабы болады,- деп жауап берді.

0 пікір