Іштар адамның зиянынан қорқатын адам былай істесін
Іштар адамның зиянынан қорқатын адам былай істесін
1 ай бұрын 3346

Кім іштар, көреалмайтын күндес адамның жаманшылығынан қорықса, төмендегі амалды орындасын:

1. «Фәләқ» пен «Нәс» сүрелерін оқып жүрсін: «Көре алмаған кездегі көре алмаушының жамандығынан Раббыма сыйынамын!» («Фәләқ» сүресі). Және адамдардың жамандығына қарсы оқылатын дұғаларды оқып жүрсін.

2. Іштар адамнан істерін жасыру және жалпы жетістіктері мен жақсылықтарын әлемге паш етпеген абзал. «Бәрің бір есіктен кірмей, бөлек-бөлек есіктерден кіріңдер (Жақып пайғамбардың балаларына айтқаны)». («Юсуф» сүресі, 67 аят).

3. Ондай адамнан ұзақ жүру. «Маған сенбейтін болсаңдар, менен бөлек кетіңдер (Мұса пайғамбардың Перғауын және қасындағыларға айтқаны)». («Духан» сүресі, 21 аят).

4. Оған жақсы мәміледе болу. Осылайша, оған ізгілік жасау арқылы жамандық жасауына мүмкіндік бермеу. «Сен (жамандықты) ең жақсы жолмен бөге. Сондай саған дұшпандығы бар адам бейне бір жақын дос (болып кеткенін көресің)». («Фуссыләт» сүресі, 34 аят).


Айяз Қарни: "Лә тәхзан". ("Қайғырма"). 

 

0 пікір