Иммануил Кант (Immanuel Kant, 1724-1804 ж) - немістің ұлы философы, европадағы қайта өрлеу дәуірінінің белді ойшылдарының бірі, қазіргі батыс европа философиясының ең ықпалды тұлғасы. Кантты танымайтын адамдар кемде-кем. Оның трактаттары мен еңбектерін бас алып оқымасақ та есімін жиі еститін білім адамы.
Бір қызығы - қазіргі таңда «Германия Ғылым музейінде» орын алған Иманнуил Канттың жазған «докторлық жұмысының» басты беті арабша мұсылманша «бисмилләһир рахманир рахим» деп басталғанын басым көпшілігіміз білмейміз. (Суретте).
Дәлірек айтқанда, бұл құжат И. Кантқа берілген докторлық жұмысын қорғау сертификаты деседі. Пруссия еліндегі Конингсберг университетіне 1740 жылы тіркелген Кант, 1755 жылы докторлық диссертациясын аяқтайды, сол жылдың маусым айында ұйымдастырылған ғылыми жиналыста оған «ғылым докторы» атағы берілетіндігі хабарланған. Бұл сертификат қазіргі таңдағы «докторлық дипломымен» пара-пар екен.
Неміс ориенталисті (шығыс және исламтанушы) Хартмурт Бобзин (1946 ж.т.) өзінің «Иммануил Кант және Бесмеле» ("Immanuel Kant Und Die Basmala") атты мақаласында «бисмилләһир рахманир рахим» сөзінің Канттың докторлық диссертациясының басты бетінде орын алғандығын жазады. Оның айтысына қарағанда, «докторлық сертификатына» тең келетін бұл «шақыру құжаты» Канттың докторлық диссертациясының басты бетіне қойылған.
Иманнауил Канттың докторлық дипломасындағы мұсылманша «бисмиллә» сөзі ол замандарда таңсық емес болған. Сол ғасырларда өмір кешкен европалық ғалымдардың біразының ғылыми жұмыстарында «бисмилләны» кездестіруге болады дейді зерттеуші мамандар. «Бисмилләмен» басталған ең алғашқы докторлық диссертациясы 1640 жылы жазылған болып, батыс-европасында Канттан бұрын да біршама ғылым адамдары өздерінің диссертацияларының кіріспесін «бисмилләмен» бастағаны белгілі болып отыр. Канттың заманында бұндай практика «диссертацияларда» қолданылатын әдіс дейді зерттеушілер. Мәселен, Иманнуил Канттың ұстазы Йоханнес Бернхардус да (Johannes Bernhardus, 1673-1765) өзінің бір кітабын «бисмилләмен» бастаған екен (суретте).
Канттың докторлық жұмысын мұсылманша «бисмилләмен» бастауы назар аударарлық құбылыс. Канттың мұсылман болмағандығы белгілі, сондықтан да «бисмилләмен» бастауының себебін зерттеушілер әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, Асым Гүнәйд Көксал есімді түрік профессоры ондай құбылысты «18 ғасырда Ислам мәдениетінің Европа үшін әлі де маңыздылығын жоғалта қоймаған кез болғандығымен» байланыстырады және ол замандарда «бисмиллә» сөзі Европада сән элементі саналатын деп болжайды.
Қалай десек те, мұсылман ғалымдарының жазған кітаптарын оқып, бір кездері мәдениет ошағы боп келген мұсылман елдеріне деген іштей симпатиялары бар болғаны себепті Орта ғасырлық европа ғалымдарының арасында мұсылманша бисмиллә деп жазу әдеті болғандығы тарихи шындық. Бұл да болса, қазіргі кездерде «ислам қараңғылық», «ислам білімсіздік» деп, хақ дінімізді қаралағысы келетін кейбір пиғилы бөтен адамдардың ондай пікірінің шындыққа жанаспайтындығының бір дәлелі. О баста Ислам және мұсылман ғалымдары Орта ғасырдағы европа ғалымдарына ұстаздық қылғандығы факт. Осыдан келіп, қазіргі ғылымның дамуына тек европалық ғалымдар ғана емес, оларға бұлақ болған мұсылман ғалымдарының да еңбегі орасаң зор деп айтуға әбден негіз бар.
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин.