"Қызық бір жағдайды ойланып, толғандым, ол жағдай келесідегідей: мүміннің басына бір қиындық келгенде, ол сол қиындығынан құтылу үшін қоймай дұға жасайды, алайда дұғасының қабыл болғанын ұғындырар бір белгі көрмей жатады. Қашан ол үмітін үзе бастағанда, жүрегіне қарасын. Егер жүрегінде тағдырына разы болушылық және Алланың мейірімінен, кеңшілігінен үміт үзбеушілік бар болса, онда сол сәтте көп ұзамай бірден дұғасы қабыл болып жатады. Өйткені, ол сәтте иман кемелденіп, шайтан жеңіліс табады. Еркектіктің қадірі сол сәтте анықталады.
Бұл айтылғанға Алла Тағала Құран Кәрімінде былай деп ишара етіп өткен:
حتى يقول الرسول والذين آمنوا معه متى نصر الله ألا إن نصر الله قريب
«Алла расулы және онымен иман еткендер «Алланың жәрдемі қашан енді?» деген еді. Біліп қойыңдар, Алланың жәрдемі жақын». («Бақара» сүресі, 214).
Тура осы жағдай Жақып пайғамбардың басынан өткен болатын. Қашан бір баласын (Юсуф ғалейһиссәләмды) жоғалтқан кезінде, ұзақ уақыт өтсе де қуанышты сәттің туарынан үмітін үзбеді. Кейіннен соңғы баласын алған кезде де Алланың кеңшілігінен күдерін үзбей: «Алла олардың бәрін маған жиып әкеледі» деді.
Зәкәрия ғалейһиссәләм да (бала сұрап дұға ете берсе де қартайғанша баласы болмаса да) Құдайына жалбарынып: «Раббым, Саған дұға жасауымның арқасында бақытсыз болмап едім» деді. («Мәриям» сүресі, 4).
Сондықтан да, дұғаның қабыл болуын ұзап кетті деме. Ондай ой келген болса, өз-өзіңізге былай деңіз:
- Алла Тағала - барлық нәрсенің иесі.
- Ол әр нәрсені реттеуші дана және ненің жақсы екендігін білуші.
- Ол сенің жүрегінің түкпіріндегі жасырынған сырларыңды жарыққа шығару үшін, сені сынағысы келеді.
- Сенің мінәжатыңды көргісі келеді.
- Сенің сабыр еткенінің қарымтасын бергісі келеді.
- Ібіліс шайтанның азғыруына қарсы төтеп берсін деп, дұғаңды кешіктіріп сынайды.
Осының әрбірі Алланың кеңшілігі жөніндегі ойды қуаттап, оған шүкір етуге жетелейді. Сенің оған мінәжат қылып, дұға сұрауыңды ұнатқандықтан, сені қиындыққа лайық көріп отыр". - Ибн Жәузи рахимаһуллаһ1
1«Сайдуль Хатыйр». 179 бет. 1 том.