Хасина Хан: Мұсылман болған күн - мен үшін ерекше күндердің бірі!
Хасина Хан: Мұсылман болған күн - мен үшін ерекше күндердің бірі!
10 жыл бұрын 3401 islam-today.ru

Өзімнің бастан кешірген оқиғаларыммен бөліссем деп едім. Менің аты-жөнім Хасина Хан. Мен 72 жастамын. Қайғысы мен қуанышы қатар жүретін менің өмірім біреуге арзан, ал біреуге маңызды болуы мүмкін. Егер де менен: «Өміріңде ерекшелігімен есте қалған ең бір тамаша күн қайсы? - десе, мен ойланбастан: «Исламды қабылдаған, мұсылман болған күн» дер едім. 

Мен Исламды 1968 жылы қабылдадым. Ол кезде менің жасым 23-те еді. Исламды қабылдауыма себепші болған күйеуім. Себебі, мен мұсылман жігітке күйеуге шықтым. Мен оны бар жан-тәніммен жақсы көрдім. Оны сондай керемет адам қылған оның дінін де қатты сүйдім. Маған одан асқан тамаша жан жоқтұғын бұл өмірде. Оны осылай сүйкімді еткен Ислам болатын.

Мен өте діндар бір үнді отбасында дүниеге келдім. Исламды қабылдағаным үйдегілерге ауыр тиді. Олар менің мұсылманмен отау құруыма қатты қарсы болды. Бірақ, мен айтқанымнан қайтпайтынымды жеткіздім. Сонда анам байғұс аналық мейрімімен, әйелге тән сабырлығымен бұны қабалдады. Амал жоқ көнді. Әкем болса менімен үш жылдай тіл қатыспады. Алғашқы немерелері дүниеге келгенде де қуана алмады. Балаларымызды жақын тартпады. Бірақ, ішімнен сезетінмін, аталық мейіріммен жақсы көргісі келсе де, сатқындығым үшін оның бұлай жасауға намысы жібермеді. Бұл ақиқатты мойындаған жоқ.

Бірақ, Алланың қалауымен кейіннен бәрі орнына келе бастады. Екінші ұлым дүниеге келді. Әкем ұлдарым көп болса деп армандайтын. Бірақ, олай болмады. Жанұямызда төртеуміз де қыз болдық. Алла Тағала мейірімді ғой. Құдды бір осы жанұя жарасымын тауып кетсін дегендей, шетінен ұл балдар нәсіп етті. Өздері аталарына қатты ұқсайтын. Үш жыл бойы үн қатпай жүрген әкем, балаларымды көргеннен кейін жұмсара бастады. Мені құшақтап, ештеме айтпайтын. Көздері тұнған жасты көретінмін. 

Менің Исламға келуім ретімен жүзеге аса бастады. Алғашында кәлима шаһадатты айтып, иман келтірдім. Кейін біршама уақыттан соң намаз оқуды үйрендім. Содан тағы біраз уақыт өткеннен кейін кең етек көйлек киіп, орамал тақтым. Басында орамалды жай ғана басыма іліп жүретінмін. Кейіннен тәртібі бойынша тағатын болдым. Осының барлығын үйреткен менің сүйікті күйеуім еді. Оған деген махаббатым одан сайын арта берді.

Мен асыл жар, аяулы ана атандым. Менің жанұям Аллаға деген махаббатымды арттыра түсті. Біз балаларымызды ислам дәстүрі бойынша тәрбиеледік. Балалар медресеге барып жүрді. Бірде балам оқудан келе сала Құран оқып беруімді өтінді. Мен үйдегі бар жұмысты жинастыра салып, балама Алланың қасиетті кәламын оқып бергенім әлі есімде. Балам дін жайында сұрақтарды үйіп қоятын. Мен білімімнің аздығынан көп сұрақтарына дұрыс жауап бере алмайтынмын.

Кейіннен сауат ашу курстарына барып, білім ала бастадым. Ислам туралы көп білген сайын, біле бергім келді. Исламды жүрегіммен жақсы көрдім. Өмірімнің мәні Жаратушыны тани түскен сайын артатындығын ұқтым. Намазымды қаза етіп алған жағдайда өзімді қылмыскер секілді сезінетінмін.

Диабеттің кесірінен аяғымды кесіп тастады. Содан сол көзім көрмей қалды. Айлар артынан жылдар өтіп, біраз жасқа келдік. Қазір жасым 72-де. Жақын адамдарымнан ата-анам, күйеуім Аллаға қайтты. Ал, менде балаларым, менің дінім, менің Исламым қалды. Көп нәрсе жоғалтсам да мен бақытты әйелмін. Осы уақытқа дейін Аллаға деген сеніммен бақытты өмір сүрдім. Бүге-шүгесіне дейін айта беретін өмірім аса үлгі аларлықтай емес. Тек Исламның шынайы бақытқа қол жеткізетінін айтқым келді.

Аллаға сыйын, Аллаға сүйен. Жазалайтын да, жарылқайтын да Ол сенің Иең! 

0 пікір