Егер біреу сізді сыйласа...
Егер біреу сізді сыйласа...
8 жыл бұрын 4225
Х. Исмайыл

Асан аға әңгімелеуде...

Біздің үйге жақын жерде құрылыста істейтін орта жастағы темекі көп шегетін, мешітке жоламайтын бір кісімен бір күні асханада жолығып қалдым. Екеуара болған әңгімеміз:

- Неге мешітке келмейсің? – дедім.  

- Мен намаз оқымаймын ғой, – деді.  

- Темекі көп шегесің ау деймін.  

- Иә, көп шегем.

- Қымбат темекі қайсысы? Мен біле бермейді екенмін?

- Пәлен деген түрі. Бағасы бес жүз теңгеден асады.

- Уақытың болса, сөйлесейік.  

- Иә, уақытым бар, сөйлесейік.  

Екеумізге шай алдырдым. Шай ішіп отырмыз.

Мен айттым:  

– Мынаны елестетші. Дүкенге кірдің. Жаңағы айтқан қымбат темекіні шеккің келіп сатушыдан сұрадың.  

Сатушы темекіні саған берді. Сен енді ақша бере бергеніңде, сатушы «Төлемей ақ қой, мен сыйлап жатырмын» деп, темекінің ақшасын алмады.

Сен екінші жолы сол сатушыны көргенде не істейсің?

Бес жүз теңге алмады деп, ізетпен сәлем бересің, солай емес пе?

– Әрине, – деді.  

– Ендеше, ертең Жаратушының алдына барғанда:

Құлым мен сені жоқтан бар еттім. Сені ағаш етпедім, тас етпедім, аң етпедім, адам етіп жараттым. Тіпті мұсылман ата-анадан дүниеге келтірдім.  

Тауларда қойларға, ешкілерге шөп жегіздім, алайда сүтін, айранын, сырын саған жегіздім.

Кешке дейін сиырлар шөпте жайылды, кешкісін сүтін, айранын саған ішкіздім.   

Құлым, кешке дейін тауықтар қорданы ақтарды, тапқан жұмыртқасын да саған жегіздім.

Саған темекі тегін берген әлгі сатушыға ізетпен сәлем беруге миың жеткенде, осыншалықты нығмет берген Раббыңа неге азан айтылғанда намаз оқып, менің алдымда иілмедің десе, қиямет күні ұялмайсың ба?

Жұмақ пен тозақты былай қойшы, жүзің қызармай ма? – дедім.

Мен осыны айтқанда, әлгі кісі: «Айтқаның өңменімнен өтіп кетті. Енді азан айтылғанда, мешітке барамын» деді де кетіп қалды. Дегенмен содан кейін Алланың қалауымен намазын бастап кетті...

1 пікір
  • Сөз сүйектен өтеді.

    Бұл да - өнер, Алланың пендесіне беретін қабілеті.
    Жүрекке иманды Алла салады, ал адамдар немесе басқа заттар, құбылыстар бұған себепкер болады.
    8 жыл бұрын