Тәжік елінің астанасы Душанбеде көлемі жағынан Орта Азиядағы ең үлкен мешіттердің қатарына енетін мешіт бой көтерді. Ресми ашылуы 8 маусымда жүзеге асқан. Ашылуына Тәжікстан елінің президенті Эмомали Рахмон және Қатардың әмірі Шейх Тамим ибн Хамад қатысты.
Мешіттің алаңы 12 гектарды құрайды. Мешіт ғимараты 3 гектарлық жерге орналасқан. Үш үлкен кіреберістен тұрады.
Мешіт төрт биік мұнарадан және екі шағын мұнарадан тұрады. Үлкен мұнаралардың биіктігі - 74 метр, кішісінің биіктігі - 21 метр. Сондай-ақ, бір үлкен және он жеті кіші күмбезі бар. Үлкен күмбездің биіктігі - 43 метр. Кіші күмбездердің биіктігі - 35 метр.
Мешіт ішінде 6 үлкен дәрісхана, қонақтарды қабылдауға және мәжіліс өткізуге арналған зал, 2 кітапхана, 9 оқу кабинеті, 3 қонақүй, асхана және техникалық бөлмелер бар. Мешіттің алаңында төрт мың көлікке арналған автотұрақ орналасқан.
Мешіттің аумағында бір мезгілде 133 мың адам намаз оқи алады. Оның 43 мыңы мешіттің негізгі залында, қалғаны - мешіттің өзге жерлерінде. (Фото: asiaplustj.info)
Мешіттің құрлысына 100 миллион доллар жұмсалған. Оның 70%-ын Қатар елі, қалған 30%-ын жергілікті өкімет құйған.
(Фото: rus.ozodi.org/)
Мешіт Имам Ағзам Әбу Ханифаның атымен аталады1.
Мәліметтердің дереккөздері:
https://asiaplustj.info/ru/
https://ru.wikipedia.org/wiki/
https://rus.ozodi.org/a/32450542.html
Дайындаған: islam.kz