Сахих хадистердің бірінен: «Біз Нәбидің (с.а.у.) жанында тұрғанымызда бір кісі: «Я Рассулла (с.а.у.), ата-анам қайтыс болғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?» - деп сұрапты.
Ол (с.а.у.): «Иә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа төрт жолмен жақсылық істесең болады:
- олар үшін дұға етіп, күнәлары үшін жарылқау тілеу;
- орындай алмай кеткен уәделерін орындау;
- достарын құрметтеу;
- ата-анаңды себепші етіп олардың туыстарымен қатынасты үзбеу», - деді».
Осы ой ендігі бір хадисте былайша жалғасын табады:
«Жан тапсырысымен пенденің барлық амалы тоқтап, тек үш амал өз жалғасын табады. Ол - жария садақа, үйреткен пайдалы білім, артта қалған ізгі ұрпақтың дұғасы».