Достар бес түрлі
Достар бес түрлі
3 жыл бұрын 5758
А. Қасым

Достар бес түрлі:

1) Бір дос бар – ауа сияқты. Онсыз өмір сүруің мүмкін емес.

2) Бір дос бар – азық іспетті. Онсыз өмір сүру қиын. Бірақ кейде дәмі бұзылып, қорытылуы қиынға соғатын кездер болуы мүмкін.

3) Бір дос бар – дәрі іспетті. Дәмі ащы, ұнамсыз. Бірақ кейде керек болып қалады.

4) Бір дос бар – шарап (вино) іспетті. Ішкен адамға тәтті, бірақ абыройың мен денсаулығыңды алып қояды.

5) Және бір дос бар – бәле іспетті.

Біріншісі, яғни, ауа іспетті достың – сенің ақыретіңе де, дүниеңе де пайдасы бар. Онымен достық қарымқатынас құру саған рахаттық сыйлайды. Оның жолдастығынан нәр аласың.  

Екіншісі - азық іспетті дос - оның да дүниең мен дініңе тигізер пайдасы бар. Бірақ кейде қаталдығы, суыққандылығы, дөрекілігі сенің ығырыңды шығаруы мүмкін.

Үшіншісі - дәрі іспетті дос – онымен достық құруыңа оған деген мұқтаждығың мәжбүрлейді. Онда сен үшін белгілі дәрежеде пайда бар. Бірақ оның діні (ділі) саған ұнамайды. Онымен жолдастық құру – саған рахаттық бермейді.

Төртіншісі - шарап сияқты дос – ол саған жан рахатын сыйлап, сенің қалауыңнан шыға алғанымен, тәрбиеңді бұзады және ақыретіңді жояды.

Бесіншісі - бәле іспетті дос – ондай дос саған дүниеде де, дінде де пайда әкелмейді. Онымен жолдастық құру да, сөйлесу де сені жадыратпайды, бірақ онымен жолдастық құруға тура келетін кездер болуы мүмкін.

Енді осы бес түрлі жолдастардың арасынан қайсысын таңдау мәселесінде өлшемің – дінің, ал таразың – Алла ризалығы болсын. Дінің мен ақыретіңе пайдасы тиетін достан ажырама, бірақ жолдастық қарым-қатынас құра алмайтындай болып жатсаң, ол басқа.

Саған залалы тиетіннен ұзақ жүр. Бірақ ондай адаммен жолдастық құруға мәжбүр болып жатсаң ол басқа. Ондай жағдайда, жолдастығың - зәруліктен туындағын жолдастық болмақ. Ал ереже бойынша "зәруліктер – тыйымдарды рұқсатқа" айналдырады. Десе де, ондаймен жолдастығың зәрулік шеңберінен аспау керек.

Дініңе де кесірі жоқ, сонымен бірге дүниеңе де пайдасы жоқ, алайда зерек әрі озат болса, саған міндеттемелерді орындауыңа кедергі жасамас үшін және күнә мен бос ойын-сауықтыққа жетелемес үшін, ондай достың зеректігінен пайдалануыңмен шектелгенің жөн[1].

islam.kz


[1] Али Тантауи: «Суар уә Хауатыр» атты кітабынан. Араб тілінде. 

0 пікір