«Дін - жеңіл. Әр нәрсені "харам не бидғат" дей беріп дінді қиындатпау керек..."
«Дін - жеңіл. Әр нәрсені "харам не бидғат" дей беріп дінді қиындатпау керек..."
4 жыл бұрын 8439
Әли Қарадағи, шариғаттанушы, ғалым.

Кейбір ғалымсымақтар күмәнді дәлелдерге сүйеніп, (тұспалдап айтқанда) «харам» атты қылыштарын қолдану арқылы адамдарға қиындық туғызуда. (Яғни, ешқандай анық дәлел болмаса да кейбір екі ұдай мағына берер дәлелдер сияқты күмәнді айғақтарға сүйеніп, әлдебір нәрсені харам дей салып жатады – ауд.).

Сондай-ақ, ешқандай нақты әрі анық дәлел болмаса да (бидғат деп) «бидғат» атты қылыштарын адамдардың төбесіне төндіруде. (Олай істеу дұрыс емес).

Бұл дін – жеңіл дін. Және де Алла Тағала мұсылмандардан оның жеңілдігін сақтап қалуларын қалайды. Құранда Алла Тағала былай деген: «Алла сендерге жеңілдік қалайды. Ол сендерге ауырлық қаламайды». («Бақара» сүресі, 185 аят). Сондықтан да, дінде әр нәрсенің негізі – мубахтыққа қаланған[1]. Бірақ, одан өзгесін (яғни, мубах болудан өзгесін) көрсетер нақты, әрі қайшылығы жоқ анық дәлел бар болса, ол басқа. (Яғни, қандай да бір нәрсені харам етер нақты, анық дәлел болса, сонда барып харам деуге болады, оған дейін ол өзінің «мубах-рұқсат» үкімін сақтап тұрады - ауд.).

Исламдағы «харам болған бидғаттар» - ешқандай нақты дәлелсіз діни рәсімдерге және саф ғибадаттарға артық нәрселерді кіріптар етуде немесе олардың формасын өзгертуде көрініс табады. Ал, одан өзге, мысалы: әдеттерде, муамалаттарда, саясаттарда т.б. осы сияқты дүниелерде негіз, ол – өзгеріп отырушылық пен жаңаланып тұрушылық. Әрине, тыйым салатын нақты дәлел болса, ол басқа. (Яғни, Исламдағы діни рәсімдер мен ғибадаттарға қатысты үкімдерден өзге, сауда-саттық немесе мемлекет аралық қатынас сияқты үкімдерде, уақытына қарай жаңаланып тұрушылық тән, бірақ шариғи дәлелмен үкімі бекітілгендері басқа, мысалы, өсім жеушілік т.б. - ауд.).

Бидғатқа қарасты шариғаттың көздегені – діни рәсімдер мен саф ғибадаттарда артық нәрселерді болдырмау. (Одан басқа жерлерде бидғат мәселесі) әр нәрсені бидғат ету үшін немесе әркімді кәпір деу үшін, яки, дінді қиындату үшін қолданылатын - адамдарға төнген қылышқа айналуы мүмкін. (Тіпті, ондай негізсіз бидғат мәселесі) әлдекімді кәпірге шығарушылықтан бастап, жаруға дейін ұласуы мүмкін.

 Дереккөз: qaradaghi.com
Араб тілінен аударған: Абдусамат Қасым.


[1]  فالأصل في الأشياء الإباحة،.

0 пікір