Депрессияны жеңілдететін Құрандағы 6 аят
Депрессияны жеңілдететін Құрандағы 6 аят
7 жыл бұрын 8415 islam.com.ua
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 Егер сіз Аллаға ғибадат етсеңіз, сіз ең жақсысыз және ешкімге де, тіпті өзіңізге де басқаша мәлімдеме жасамаңыз, өйткені, Алла Тағала Құранда былай деген:

   1. «Адамды ең әдемі түрде жараттық» (Құран, 95: 4)

    Адам жануардан төменгі деңгейге түсіп, нашарлай алады, сондай-ақ ізгі қасиеттерін жетілдіріп, кемелдене де алады. Алайда оған қажет болғанның маңыздысы - ол әрқашан Алла жасаған түрде қалуға тырысады.

    2. Табыс байлығыңызға тәуелді емес

   Табысты болу үшін сізге жақсы жұмыс, жақсы көлік, жақсы үй мен жақсы жұбайыңыздың болуы міндетті емес. Мұның бәрі сенімсіздік сезімін тудырады әрі олар есептелмейді. Сонда не есептеледі? Алла Құранда табысты адамдардың қасиеттерін төмендегіше тізімдейді: "Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады. (Мұхаммед (с.а.у.) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады. Міне, солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар"  (Құран, 2:3-5).

    3. Сіз - "ең жақсы қауымдастықтансыз"

   Адам пайғамбардың заманынан бастап, қиямет  күніне дейінгі халықтың ең жақсысы - бұл Пайғамбардың (с.а.у.) үмметі, ал сіз сол үмметтенсің.

  "Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін қайырлы бір үммет болып шығарылдыңдар. Ал егер кітап иелері иман келтірсе еді, әлбетте олар үшін жақсы болар еді. Олардан иман келтіргендер де бар. Олардың көбірегі бұзақылар" (Құран, 3:110).

   Есеп күні Пайғамбардың сізді қаншалықты қуанышпен қарсы алатынын елестетіп көріңізші, себебі, сіз оның қауымына жатасыз әрі сіз оның ізбасарларының бірісіз. Бірде Алланың Елшісі (с.а.у.) зиратта болған кезде былай деді: "Сендерге бейбітшілік болсын, сенушілердің және мұсылмандар қабірлерінің тұрғындары, егер Алла қаласа, біз сендерге қосыламыз. Мен Алладан біз үшін және сіздер үшін игілік сұраймын" (Мүслим). Осы тұста кімдер туралы айтылады? Оның сахабалары туралы емес, Алла Расулын (с.а.у.) көрмей, оған сенгендер жайында баяндалады.

  4. Алла сізді  құрметтейді

   Сізге адамдардың қалай қарайтыны маңызды емес. Алла: "Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен неғұрлым артық жараттық",-деп түсіндіреді (Құран, 17:70).

    Алла сізге құрмет көрсетті. Сіз бұл сөздердің маңыздылығын түсінесіз бе? Алла хадиси құдсиде: "Мен маған жақын болғандармен соғысқан адамға қарсы соғысатын боламын" (Бұхари).

   5. Бұл ғұмыр - өтпелі

   Бұл өмірдің ауруы мен қайғы-қасіреті мәңгі емес, уақыты келгенде олар да ұмытылады. Сізді ренжіткен адамдар да өз бағытымен жайына кетеді. Сіз ерте ме, кеш пе басқа әлемге сапар шегесіз. Бұл мәселе  Құранда бірнеше рет қайталанады: "Алла Тағала қалаған кісісінің несібесін кеңітіп, тарылтады. Олар, дүние тіршілігіне мәз болды. Негізінде дүние тіршілігі, ақыреттің жанында тек қана бір күн көріс" (Құран, 13:26).

    Өткінші өмір бейне бір күтуге ұқсайды,  яғни, адам өз пойызының  бекетінде  үйіне қайтуын асыға күткендей, бір мезеттік ғұмыр жолдары мен алыс сапар күтуде... Бір күні сізді мәңгілік өмірге апару  үшін пойызыңыздың келетіні де ақиқат.

  6. Өзгелер де ауырлықты сезінген

  Адам баласы өмірінде бірде-бір рет болмасын ауруды сезінбей өмір сүре алмайды. Бұл- оның сенімінде селкеу бар дегенді білдірмейді. Сіздің сырқатыңыз сіздің адам екендігіңізді, сондай-ақ адамзаттың ауруын бастан кешірген пайғамбарлар мен әділ адамдардың жолында жүргендігіңізді айшықтайды.  Жақып пайғамбарға (ғ.с.) екінші ұлын  жоғалтып алу ауыр соққы болды. Оның тағдыры туралы Құранда былай делінген: "Яғқұп (ғ.с.) олардан теріс айналып: "Ой, қайран Юсып!" – деп күйіктен көздері ағарып, сонда ол қасіреттеніп іштей тынды. Олар, әкелеріне: "Аллаға ант етеміз. Күйіктен ерігенге немесе типыл болғанға дейін Юсыпты жоқтай бересің"- деді. (Яғқұп (ғ.с.): "Мен күйзелісімді де, күйінішімді де Аллаға ғана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін"-деді" (Құран, 12:84-86).

   Бұл - Құраннан қайғы-қасірет пен мұңды, күйзелісті жеңуге көмектесетін бірнеше аяттар. Сондықтан кез-келген өмірдің жағдайында сізге Алланың мейірімі мен нұрлы нұсқауы болуы үшін Құран әрдайым сіздің өміріңіздің басты бөлшегі мен мәніне айналсын!

1 пікір