Бұл дұғаны оқудың хикметі не?
Бұл дұғаны оқудың хикметі не?
9 жыл бұрын 4454 Пайғамбарымыздың (с.а.у.) таңғы және кешкі дұғалары

اللّهُـمَّ عافِـني في بَدَنـي ، اللّهُـمَّ عافِـني في سَمْـعي ، اللّهُـمَّ عافِـني في بَصَـري ، لا إلهَ إلاّ اللّه أَنْـتَ . اللّهُـمَّ إِنّـي أَعـوذُبِكَ مِنَ الْكُـفر ، وَالفَـقْر ، وَأَعـوذُبِكَ مِنْ عَذابِ القَـبْر ، لا إلهَ إلاّ أَنْـتَ .

Оқылуы

Аллаһуммә ‘афини фи бәдәни, Аллаһуммә ‘афини фи сәм‘и, Аллаһуммә ‘афини фи басари лә иләәһә иллә әнтә. Аллаһуммә инни ә‘уузу бикә минәл-куфри уәл-фақри. Аллаһуммә инни ә‘уузу бикә мин ‘азәәбил қабри лә иләәһә иллә әнтә.

 

Мағынасы

Уа, Алла Тағалам, тәніме саулық бере гөр! Уа, Алла Тағалам, құлағыма саулық бере гөр!

Уа, Алла Тағалам, көзіме саулық бере гөр! Сенен басқа тәңір жоқ. Уа, Алла Тағалам, мені күпірліктен және пақырлықтан сақтай гөр! Уа, Алла Тағалам, мені қабір азабынан сақтай гөр! Сенен басқа Тәңір жоқ!

Сахих хадис кітаптарында осы дұғаларға қатысты мынандай бір хадис келтірілген: Бір күні белгілі табиғин Абдуррахман ибн Әбу Бәкра (р.а.) әкесі сахаба Нәфи' ибн әл-Харистен: «Әке! Осы дұғаларды күн сайын таңертең және кешке үш реттен оқып жүргеніңді байқаймын, бұның хикметі не?», − деп сұрайды. Сонда әкесі ұлына: «Балам! Дұрыс айтасың. Мен Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы дұғаларды күн сайын таңертең және кешке оқитынын көретін едім. Сондағы мақсатым сүннетті бұлжытпай орындау», − деп жауап береді.

Муснәду Ахмәд ибн Ханбәл, Әууәлу Муснәди әл-басриин; Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4426

0 пікір