Бес уақыт намазды жалғасымды түрде жамағатпен оқитын кісіге берілетін 5 түрлі артықшылық
Бес уақыт намазды жалғасымды түрде жамағатпен оқитын кісіге берілетін 5 түрлі артықшылық
2 жыл бұрын 5301

Кітаптарда келтірілген мәліметке қарағанда ескілікті ғалымдар бес уақыт намазды жалғасымды түрде жамағатпен оқып жүрген кісіге бес түрлі артықшылықтың берілетіндігін айтқан. Айтылған артықшылықтар төмендегідей:

  1. Тұрмыс таршылығы болмайды.
  2. Қабір азабын көрмейді.
  3. Қиямет күні амал дәптері оң жағынан беріледі.
  4. Сырат көпірінен көзілеспес жылдамдықпен өтіп кетеді.
  5. Сұрақ-жауапсыз пейішке кіреді. 

Сахаба Бурайдә әл-Әсләмидің жеткізген хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:

بشِّرِ المشَّائينَ في الظُّلمِ إلى المساجدِ بالنُّورِ التَّامِّ يومَ القيامةِ. 

«Қараңғы түні мешітке қарай (намазға) жүрушілерді, қиямет күнгі толық нұрмен сүйіншіле!». (Тирмизи, «Сүнән»).

Сахаба Әнәс ибн Мәліктен жатқан тағы бір хадисте Алла елшісінің (с.а.у.) былай дегенді айтылған:

«Кімде-кім қырық күн бойы бір рәкәғатын да жібермей жамағатпен намаз оқыса, Алла Тағала оған екі амандықты жазып қояды: тозақ амандығы (тозақтан аман болу) және екі жүзділік амандығы (екі жүзділіктен аман болады)».

Сахаба Ибадаибн Сомит (р.а.) риуаят еткен хадисте, Алла елшісінің (с.а.у.) былай дегендігі айтылған:

«Алла Тағала құлдарына бес уақыт намазды парыз етті. Кім бес уақыт намазды толық оқып, немқұрайлылық танытпай, кем етіп оқымаса, Алланың құзырында оны пейішке кіргізетіні жөнінде келісімі бар деген сөз. Ал, кімде-кім намазға жеңіл қарап, оны оқымай қойса, ол үшін Алланың құзырында келісім жоқ, Алла қаласа оған рахым қылады, қаласа азаптайды». («Әбу Дәуід», «Сүнән»).

 

0 пікір