Бақытты болудың 30 қағидасы
Бақытты болудың 30 қағидасы
1 ай бұрын 2032 islam.kz/
Аяз Қарни

1. Өміріңді тек бүгінгі күннің аясында өткіз. Ертеңді уайымдап, өткенге өкініп, өзіңді қинама. Пайғамбарымыз айтқандай:

«Таң атса – кешті күтпе, кеш батса – таңды күтпе.»

2. Өткенді ұмыт. Болып кеткен нәрсеге қайта оралудың мәні жоқ. Ол — бітті.


3. Болашақ үшін артық ойланба. Ол — Алланың құзырындағы белгісіз дүние. Ол келген кезде ғана ойлан.


4. Сынға мән берме. Мықты бол. Біліп қой, сын — сенің құнды екеніңді көрсетеді.


5. Нағыз бақыт — Аллаға иман келтіруде және ізгі істер істеуде. Міне, осы – тыныш өмірдің кілті.


6. Кім жүрегіне сабыр мен тыныштық тілесе — Алланы еске алсын.


7. Бәрі де Алланың тағдыры мен қалауымен болатынын біл.


8. Адамдардан алғыс күтпе. Жақсылықты тек Алла разылығы үшін жаса.


9. Өзіңді ең қиын жағдайға да дайын болатындай етіп тәрбиеле. Сонда өмір сені жеңе алмайды.


10. Бәлкім, болған нәрсенің өзінде сен үшін қайыр бар.


11. Мүмінге келген әрбір тағдыр — оның пайдасына.


12. Алланың берген нығметтерін ойлан және шүкір ет.


13. Сендегі бар нәрсенің көбі біраз адамда жоқ.


14. «Қиындық мәңгі емес – әр сәттен кейін бір жеңілдік, бір қуаныш келеді.


15. Сынақ кезде адамнан шынайы дұға шығады.


16. Қиындықтар — көкірек көзін ашатын дәрі және жүректі шыңдайтын күш.


17. Ақиқатында, бір қиындықтан кейін екі есе жеңілдік бар.


18. Ұсақ нәрселерге бола көңіліңді түсірме. Бәрі өткінші.


19. Раббың — өте кешірімді, рақымы мол ұлы зат.


20. Ашуланба! Ашуланба! Ашуланба! (Бұл — Пайғамбарымыздың қысқа да терең өсиеті.)


21. Өмір деген — нан, су және көлеңке ғана. Одан артық нәрсеге бола уайымдаудың қажеті жоқ. (Көлеңке – баспана).


22. «Сендердің ризықтарың және уәде етілген нәрселерің аспанда!»(әз-Зарият сүресі, 22-аят).


23. Адам қорқатын нәрселердің көбі — ешқашан болмайды.


24. Қиындық көрген адамдардан үлгі ал. Сен жалғыз емессің.


25. Алла бір қауымды жақсы көрсе — оларды сынақтармен сынайды.


26. Қиын сәттерде қайғыдан шығаратын дұғаларды жиі қайтала.


27. Пайдалы іспен айналыс, бос жүрме. Бос адам уайымға тез түседі.


28. Жалған сөзге, өсек-аяңға ерме.


29. Кек пен өшпенділік – алдымен өзіңе зиян. Ол дұшпаныңнан гөрі сенің денсаулығыңды көбірек бұзады.


30. Саған келген әрбір қиындық – күнәларыңды жуады (күнәларыңа кәффарат)1.

 

1Аяз Қарни: «Лә тахзән». Араб тілінде.

0 пікір