Алдарыңызда тұрған атеист адам.
Оның денесі – бір жүйеде шоғырланып, бір бүтіндікте қызмет ететін, өзара тығыз байланыстағы 37 триллион клеткадан тұрады. Әрбір клетка, генетикалық кодының негізінде өзіндік көбею программасына ие. Сондықтан да, клетка тек бар болып, артынан өліп қана қоймай, өзге де жаңа клеткаларды тудырып отырады.
Бұл атеист сізге әртүрлі түстерді 576 мегапикселдік дәлдікте анық көрсете алу системасына ие көздерімен қарап тұр. Көздері қимыл үстіндегі бейнені белгілеп, ми ол нысанды бір секунттан аз уақыт ішінде адам санасына түсінікті етіп жеткізіп отырады.
Оның денесі, ондаған жылдар бойы күн-түн демей, ұйқыда да, ояуда да, ешбір сыртқы қызметтің көмегінсіз өз алдына дербес халде тоқтаусыз жұмыс істеп тұратын жүрек бұлшықетін айтпағанның өзінде, 640 бұлшықеттерді басқарады.
Енді, міне, осы атеист мына төмендегі сөзді айтуы үшін жақ сүйегіне он жеті бұлшықет арқылы байланысқан тілін әрекеттендіріп, былай дейді:
«Адамды жаратып, оны бір ретке келтірген әлдебір жаратушының барлығына қатысты ешқандай айғақ жоқ. Адам – кездейсоқтық құбылыс!»
Аударған: islam.kz/