Ашуды басу
Ашуды басу
3 ай бұрын 4909

Иләһи әдеміліктер жүйесі халінде дүниеге келген адамзат нәпсісінде жасырын пасықтық, күнәқорлық және руханиятында орын алған тақуалық бейімдерімен оңаша қалдырылған, сөйтіп, адамжақсылыққа да, жамандыққа да бейім.

Сондықтан нәпсіні тәрбиелеп, жүректі тазалап, мінез-құлықты әсемдеу арқылы жаман сипат пен бейімділіктерді түзеп, рухани сипаттарды кемелдендіру қажеттілігі бар. Бұл тұрғыда құлдың ең алдымен дұрыстайтын қасиеті – ашу. Себебі, ашу – жаман мінез-құлықтың ең қорқыныштысы, апаты, ең күштісі. Ақыл-есті билеп-төстеп алатын қаһардың басы. Ашулы адам – жан дүниесі «кек, өш, кекету, жындану ұрыс-жанжал, тіпті өлтіру» сияқты жамандықтарға толы бір бәле.

Өмір кітабының ашу-ыза бөлімі – бір жан түршігерлік қайғылы тарих. Бұл қауіп-қатерден құтылудың жолы – ешкімге жақпайтын әрі ерсі көрінетін ашу кезінде бауырлық пен сабырлық күшін пайдаланып, тепе-теңдікті бұзбастан, тыныштық сақтау қажет. Әбу-Дәрда (радиаллаһу анһу) Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Маған, мені жәннәтке жетелейтін бір нәрсе үйрет! - деп өтінді. Әлемнің мырзасы:

—    Ашуланба! (Бухари, Әдеп76; Тирмизи, Бирр 73) - деді.

Тағы басқа бір кісі Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Уа, Расулаллаһ! Көп нәрсе істейтін күшімжоқ! Маған бақытқа жетелейтін төте бір жол көрсет! дегенде, оған да:

Ашуланба!(Бухари, Әдеп 76; Тирмизи, Бирр 73) деп бұйырады.

Басқа хадис шәрифтерде де:

«Аллаһ Тағала ашуын басқан адамның айыптарын жабады!». (Ихия 3, 372)

Пайғамбарлар, әулие мен ғұламалар ашудыжеңу үшін үнемі күш-қайрат жұмсап, көңіл бөле отырып, кешірім жолын ұстауды өздеріне бақыт деп санаған. Хазіреті Юсуфтың өзіне зұлымдық жасап өлтіргісі келген бауырларынан өш алу мүмкіншілігі туғанда, оларға кешірім жасады. Сонда олар:َ

«Аллаһқа ант етеміз, шынында Аллаһ сені бізден артық,ерекшежаратыпты.Бізшынындадақателесіппіз». (Юсуф-91) -деп, істегендеріне өкініп, истиғфар етіп, оған бой ұсынды.

Юсуфта (аләйһиссәләм) кешіріммен бірге, үлкен жақсылық ретінде: «Сендерге бүгін сөгіс жоқ, Аллаһ асқан мейірімді» - (Юсуф, 92)

деді...

Бірақ  айта кету қажет: ашу, ыза егер нәрсеге ашу, нәпсі мен шайтани тұрғыдан болса, ол жаман, айыпталған. Егер ол иләһи тұрғыдан яғни Аллаһ жолында немесе тек Аллаһ үшін болса, онда бір ерекшелік, абзалдық болып есептеледі. Яғни дін, иман, ахлақ пен руханиетке қарсынәпсі меншайтандық толқындар мәселесі болғанда селқостық көрсетіп, көңіл аудармай қоя салу, ашуды басу категориясына кірмейді.

Керісінше осындай әрекет бастан-аяқ бүтіндей ғапылдыққа жатады. Себебі иманның бір таразыболған«Хуббун-филлаһ», яғниАллаһ үшін сүюдің қарама қарсысында сол иманның таразысы ретінде «буғду филлаһ» - Аллаһ үшін ашулану бар. Аллаһ ризалығы үшін ашуды жеңу маңызды болғаны сияқты Аллаһ үшін ашулану да маңызды.

Басқа бір аятта Хақ Тағала өзіне шынайы құл болғандардың сипаттарын төмендегідей баяндайды:

«Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейіл, сыпайы жүреді, надандар оларға тік сөйлесе де, олар «есен болыңдар!» деп, сәлемдесіп ғана қояды (надандармен сөз таластырып әуре болмайды)». (Фурқан, 63)

Табиғунның* ұлыларынан Имам Шаби өзіне тіл тигізіп, қорлаған бір пасық кісіге:

«Айтқандарың рас болса, Аллаһ мені кешірсін! Егер айтқандарың өтірік болса, Аллаһ сені кешірсін!» деп, айтқаны үлгі аларлық көркем мысал.

Хазіреті Зүннун Мысри былай деген:

«Аллаһтың досы болып, нәпсінің жауы болу керек, нәпсінің досы болып, Аллаһтың жауы болмау керек!».

«Уа, Раббым! Біздерді нәпсіміздің тұтқыны болудан

сақта! Сенің риза да, хошкөретін көркеммінез-құлықпен

көңілдерімізді безендір!»Әмин![1]


[1] О.Н. Топпаш: «Махаббат сыры» атты кітаптан ақшамдалып алынды.

0 пікір