Вехб ибн Мунаббих былай деді: «Нұхтың (ғ.с.) кемесі үш деңгейлі және үш есігі болды. Жоғары деңгейде адамдар, орта деңгейде құстар мен шөптер болды, ал ең төменгі деңгейде жыртқыштар болды.
Кешшәфеде былай делінген: «Бүкіл жердің бетін су басты, ал Нұхтың (ғ.с.) кемесі су бетінде балық сияқты жүзіп барады».
Кады Бейзави өзінің тәпсірінде былай деп жазды: «Судың тереңдігі қырық аршынға жетіп, барлық кәпірлер суға батты. Топан су басталған кезде, Алла Нұхқа (ғ.с.) кемеге кір де: «Бисмилла», -деп айт, бірақ «Рахманир-Рахим»,-деп айтпа. Өйткені, қазір жойылу уақыты». Нұх пен оған сенгендер кемеден шығып кетті.
Ашура күні болды. Алла Тағала Нұх (ғ.с.) пайғамбарға былай деді: «Бұл жерге қоныстан. Кемеде Нұхпен бірге болған, иман келтірген 80 адам өздеріне үй салды. Және олар осы елді мекенді «Саманин» (сексенінші) деп атады».
Осы орайда Нұхтың (ғ.с.) өмір сүру жасына қатысты түрліше пікірлер қалыптасқан. Ибн Аббас: «Нұх (ғ.с.) кеме соғуды бастағанда, ол төрт жүз сексен жаста болды. Кемені бітіріп, бортқа шыққанда, ол алты жүз жаста болған. Ол жерге келгеннен кейін, тағы үш жүз елу жыл өмір сүрді. Осылайша, Нұх (ғ.с.) жер бетінде тоғыз жүз елу жыл өмір сүрді. Нұхтың (ғ.с.) кемесі Каф тауына келіп, тоқтағандығын тілге тиек еткен адамдар да бар.
Риуаяттарда Нұх (ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін ұлы Самды шақыртып, оны оның әміршісі етіп тағайындағаны айтылған. Осыдан кейін Нұхқа (ғ.с.) Әзірейіл періште келеді. Әзірейілді көрген пайғамбар жылап жібереді. Ажал періштесі Нұх пайғамбардан: "О, Нұх! Осыншалықты ұзақ өмір сүрсең де, өмірге тоймадың ба?" деп сұрайды.
- Бұл өмір екі есігі бар үй сияқты. Мен соның бір есігінен кіріп, екінші есігінен шықтым. Осыны айта келе, Нұх (ғ.с.) жан тапсырды. Пайғамбардың қазасынан кейін Сам мен оның ұрпақтары Иемен, Хижаз бен Үндістанның барлық жерлеріне қоныстанып, жер бетіне кеңінен таралды. Япас өзінің ұрпақтарымен Иран мен Түркістанның, Анатолияның күллі жеріне қоныстанды. Хам мен оның ұрпақтары Египет пен Африканың аумағына қоныс теуіп, кеңінен жайылды. Осылайша жер жүзі тегіс Нұхтың (ғ.с.) ұрпақтарымен толықты. Кейбіреулер Нұхтың Куфада жерленгенін айтады.
Шейх Мұхаммад Магриби былай деген: «Көптеген пайғамбарлардың жерленген орындары белгісіз. Тек қана Ибраһимнің (ғ.с.) қабірі үңгірде жерленгені ғана белгілі. Ал Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) Мадинада жерленген. «Нұхқа (ғ.с.) бүкіл әлемнен сәлем болсын!» (Әл-Саффат, 37/79).