«Мәкрүһ» ұғымы Ислам дінінде «ұнамсыз қылық» деген мағынаны білдіреді. Қазақ «Ауыздағы түкірік, қайта жұтсаң мәкрүһ» деп ауызға келген түкірікті қайта жұтудың ұнамсыз екенін білдірген. Абай атамыз да «Бес асыл іс» деп маңызды мәселелерді сөз еткен. Төменде хадистерде кездесетін бірқатар мәкрүһ істер сөз болады.
Бес түрлі орында сөйлесу мәкрүһ:
1. Жаназаның артынан кетіп бара жатқанда;
2. Құран кәрім оқып отырғанда;
3. Жұма күні хұтба тыңдап отырғанда;
4. Діни еңбектер оқып, ислами мәселелер талқыға түскенде;
5. Некелі жарымен жыныстық қатынасқа түскен кезінде.
Бес жерде қарау мәкрүһ:
1. Намазда оңды-солды қарау;
2. Моншада шомылғанда, басқалардың әурет жеріне қарау;
3. Жолда кетіп бара жатқанда, үйлердің терезелері мен есіктерінен ішке үңіліп қарау;
4. Байлығы өзінен жоғарыларға сұқтана қарау;
5. Діндарлықта өзінен төмен тұрған кісілерге қарау.
Бес нәрсені тыңдау мәкрүһ:
1. Тыңдаушыға жаман ой салып, нәпсіні қоздыратын әндер тыңдау;
2. Марқұмның артынан дауыстап жылаған кісіні тыңдау;
3. Елді күлдіру үшін күнәлі сөздер сөйлеген лепірмені тыңдау;
4. Екеуара сыбырласып сөйлескен кісілерді тыңдау;
5. Есіктің ар жағында сөйлесіп жатқандардың жасырын сөзін тыңдау.
Бес жерде күлу мәкрүһ:
1. Жаназаның қасында;
2. Қабірде;
3. Бәлеге тап болғанда;
4. Құран оқылған кезде;
5. Ислами мәселелер талқыланып жатқан мәжілісте.
Бес уақытта нәпіл намаз оқу мәкрүһ:
1. Екінті намазынан кейін ақшам намазына дейінгі уақытта;
2. Таң намазы кірген шапақ сейілгеннен күн найза бойы көтерілгенге дейін;
3. Күн тас төбеге жақындағанда, түс намазына дейінгі минуттарда;
4. Жұма күні хұтба басталғанда;
5. Музыка аспаптарының дауысы мазаны кетіріп тұрған кездері.