Адам жаратылыстардың ең абзалы, ақыл, сезім және дене пішімі тұрғысынан ерекше жаратылған. Алла бүкіл ғаламның Ұлы Жаратушысы, Ол жер бетіндегілердің тамаша өмір сүрулері үшін адам баласын халифа етіп жаратты. Бірақ адамға жол көрсету үшін дін түсіріп және адамдарды оған мойынсұнуды бұйырған.
Ал діннің негізі Алланың кітабы Құран Кәрімде жинақталған. Бұлардың бір бөлігі әмірлерден, бір бөлігі тыйымдардан, ал бір бөлігі болса өсиеттерден тұрады. Солардың ішіндегі 100 әмір мен тыйым төменде:
1. Алла тағаланың Жаратушы, Раб және Иләһ сипаттарына шын жүректен сену (иман ету).
2. Ақыретке (қиямет, қайта тірілу, тағдыр, есеп беру және амалдардың сыйы мен жазасының берілуі ) сену.
3. Жақсылық пен жамандықтың жаратушысы Алла екендігіне, жақсылық пен жамандықтың орындалуында адамның да үлесі бар екеніне сену. Алланың басымызға түсіргеніне риза болу.
4. Пайғамбарларға және хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) соңғы пайғамбар екеніне сену.
5. Кітаптарға және Құран Кәрімнің соңғы кітап екендігіне сену.
6. Періштелерге сену.
7. Ширк, күпір, қарсылық, екіжүзділіктен аулақ болу, осы жағдайға алып баратын әр қандай жолдардан қашық болу.
8. Намаз, ораза, зекет, қажылық құлшылықтарын орындау.
9. Жүніп, хайыз және нифастан кейін ғұсыл құйынып, намаз, тәуаф, тіләуәт сияқты құлшылықтар үшін дәрет алу: дәрет пен ғұсыл алуға шамасы келмейтіндей жағдайда тайяммум алу.
10. Істердің дұрыстығын пысықтау үшін Құран Кәрім және хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) сөздері мен іс-әрекеттерін үлгі ету.
11. Хазреті Мұхаммедті (с.а.у.) үлгі ету.
12. Дінді үйрену және үйрету.
13. Аллаға қарсы келуден, бұйрықтарына мойынсұнбаудан және Алладан қорқу.
14. Дін өз қалауымен таңдалады, амал да шын көңілден жасалады. Ешкімді Исламға кіруге, ал мұсылмандарды амал етуге зорламау.
15. Қасиетті нәрселерді және мекендерді, басқалардың да қасиетті деп танығандарына құрмет көрсету.
16. Аллаға дұшпандық жасағандармен дос болмау, Аллаға дос болғандармен достасу.
17. Әлемдегі жаратылыстың және адам баласының ие болып отырған нәрселерінің негізінен Аллаға тән екендігін сезе білу.
18. Діннің әмірі және тыйымдарын шын көңілден жақсы көре отырып мойындау және өз қалауымен орындау.
19. Халал нәрселерді ішіп-жеу, харам азықтардан аулақ болу.
20. Тәлім-тәрбиеге көңіл аудару, білімді үйреніп үйрету, білімнің ең бағалы қазына екенін мойындау.
21. Балаларды ең жақсы жолмен тәрбиелеу.
22. Өзінің және отбасының нәпақасы үшін еңбек ету, нәпақаны халал жолмен табу.
23. Міндетін атқарған соң Аллаға тәуекел ету; қолынан келгенін орындаған соң қалғанын Аллаға қалдыру.
24. Алланың мейірімінен үміт үзбеу; азабынан қорқу, жәннаттан үміт ету.
25. Аллаға мадақ айту, шүкіршілік ету.
26. Алланы еске алу, таспих ету, зікір ету.
27. Дұғаны тек Аллаға жасау, Алладан ғана жәрдем тілеу.
28. Күнәдан қашық болу, біліп-білмей жасалған күнәлар үшін тәубе ету және кешірім тілеу.
29. Құлшылық, дұға, тәубе секілді амалдарды араға еш дәнекер қоспай тікелей Аллаға жасау.
30. Басқа түскен қайғы-қасірет, қиыншылықтар себебінен Аллаға қарсы келмеу. Дүниемен қош айтысқандар үшін шашын жұлып, бет тырнамау.
31. Ықылас, тақуа, шыншыл, ихсан секілді жақсы сипаттарға ие болуға тырысу.
32. Жақсылық және ізгі істердің ақыретте сыйлығын, күнә, жаман амалдардың болса, ақыретте жазасын алатынын білу.
33 Жауапкершілікті сезіну; Аллаға, қол астындағыларға, бүкіл жаратылыстарға деген жауапкершілікті сезіну.
34. Зұлымдықпен, әділетсіздікпен басқаның мүлкіне қол сұқпау, адамның ақысын жемеу, біреуге зияны тиген болса, кешірім сұрау.
35. Адамдардың қандай да бір ақысын жемеу, оларды қорғау, зиян келетін іс-әрекеттерді жасамау, оларға зиян тигізушілерге қарсы тұру.
36. Адамдарды өзінен кем санамау, мұндай ойлардан да қашық болу, адамдарды тең және азат деп білу.
37. Әртүрлі дінге еріп кетпеу үшін дұрыс жолды таңдау.
38. Мүміндерді бауыр деп білу, бауырлар арасындағы жанжалдарды күшейтпей араларын жарастыру.
39. Тақуалықты алға қою, соғыс ең соңғы шешім, соғысқа бар мүмкіншілік, қайрат, жігермен дайын болу, соғыс алаңынан қашпау.
40. Әр адам өзінің жасаған әрбір нәрсесінен сұралады. Ешкім ешкімнің сауабын да, күнәсін де көтермейді.
41. Жер бетінде жақсылық пен әділеттіліктің жайылуына атсалысу, оларды адамдарға түсіндіріп үйрету; адасушылық, жамандық, лас нәрселерден адамдарды алыстатуға шақыру.
42. Аманатқа қиянат жасамау, сөзінде де, аманатта да сенімді болу.
43. Берілген сөздер мен уәделерде тұру.
44. Қандай мәселе болса да қабылданған шешімге мұқият болу.
45. Маңызды істер жасағанда мамандармен ақылдасып, кеңесу.
46. Әр істі өз маманына беру.
47. Ешкімге де көтере алмайтын жүк жүктемеу; әркімге тапсырылатын тапсырманы қабілеті мен мүмкіншілігіне қарай беру.
48. Бос және жарамсыз нәрселермен айналыспау.
49. Білмейтін нәрселердің соңына түспеу, немесе пайдасы жоқ мағлұматтарға көңіл аудармау.
50. Адамның дұрыс болуы, дұрыс нәрсені жасауға тырысу, дұрыс нәрсені өсиет ету.
51. Адамдарды мазақтамау, ұнатпайтын лақап атты таңбау, болмайтын нәрсе үшін айыптамау.
52. Адамдардың кемшіліктерін іздемеу.
53. Әртүрлі ысырап пен шектен шығудан қашу.
54. Сөз тасымау, біреудің сыртынан күмәнді ой ойлаудан қашық болу; нақты болмаса біреуді айыптамау.
55. Жала жаппау.
56. Зұлымдық жасамау; залымдардың мына дүниеде де, о дүниеде де жазасыз қалмайтынын білу.
57. Әділетсіздік жасамау, әділетсіздерді жақтамау.
58. Жамандыққа жақсылық жасау.
59. Нәпсінің қалауларына және шайтанға ермеу; шайтанның түрткілерінен және уәсуәсәларынан (азғыру) Аллаға сыйыну.
60. Әртүрлі жамандықтар мен жауыздықтарға қарсы тұру, керек жерінде Алла жолында малымен, жанымен жиһад ету.
61. Әртүрлі арсыздықтардан (фақшы); Алла да, адамдар да ұнатпайтын істерден (мүнкер); азғындық, жындылық, шектен шығушылықтан аулақ болу.
62. Тәкәппарлықтан, менмендіктен сақтану.
63. Сабырлы болу, мүміндерге сабырлықты өсиет ету.
64. Жасампаздықтан сақ болу, сырт көрініс үшін құлшылықты да жасамау.
65. Әртүрлі іс-әрекет және мәселеде әділ болу.
66.Таразымен өлшеуде, сауда-саттықта әртүрлі қулық жасамау.
67. Пайыз, астыртын биржа, сыбайластық, құмар секілді арам табыстардан қашу.
68. Ішкілік, есірткі, ұрлық, айлакерлік, күш көрсетіп тартып алу секілді харам істерден қашу.
69. Ата-анасына қарайласу, оларға үнемі дұға жасап, күнәсінің кешірілуін тілеу.
70. Ұятты жерлерді жабу, ұятты киім және істерден қашу.
71. Төсек қатынасын тек некелі жарымен ғана жасау, өмір бойы бірге, бір отбасы болып отырамыз деген ниетпен ғана некеге тұру.
72. Отбасының сырлары мен ынтымағын сақтау, отбасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу, ажырасуды ең соңғы шараға қалдыру.
73. Ажырасуға тура келген жағдайда міндеттерді дұрыс атқару; әйелі мұқтаж болған нәрсені ері толтыру.
74. Арлы-намысты және әдепті болу; арсыз және намыссыздықтан сақ болу.
75. Ар-намысын, ұятын қорғау.
76. Зинадан қашу, зинаға себепші болмау және одан пайда көрмеу; зинаның басқа да түрлерінен аулақ болу.
77. Әйеліне хайыз, нифас уақытында жақындаспау.
78. Өтірік сөйлемеу, жалған хабарды жаймау, жалғанға куә болмау.
79. Бос және жалған ант ішпеу; берілген антты орындау.
80. Сиқырды жасамау және жасатпау; сиқыр және палшыларға сенбеу.
81. Жөнсіз кінә тақпау.
82. Адам өмірін бағалай білу, адамның ар-намысына тиетін нәрселерден аулақ болу.
83. Адам өлтірмеу, жараламау, зорлық- зомбылық жасамау, өзіне де қол жұмсамау.
84. Жетімдерге қарайласу, жетімнің ақысын жемеу, керісінше оны қорғау.
85. Бүліктен, яғни қоғамның ынтымағы мен татулығын бұзатын іс-әрекет және пікірлерден қашық болу.
86. Қоғамның ынтымағына үлес қосу.
87. Екі жүзділіктен қашық болу, екіжүзділік іс-әрекеттерді жасамау.
88. Сатқындық жасамау, тіл мен ойымызға да алмау.
89. Жәрдемдесу мәселелерін ұйымдастыруға атсалысу.
90. Қайтарымын күтпей шын көңілмен қол ұшын созу, садақа беру.
91. Жасалған жақсылықтарды, берілген садақаларды міндет етпеу.
92. Жақын туыс пен достарға материалдық және рухани тұрғыдан демеушілік жасау.
93. Мұраны әділ жолмен бөлісу, әйелдерге де мұраның үлесін беру.
94. Ашуланбау, кешірімді болу.
95. Орынсыз дұшпандық жасамау, кек және қан дауынан қашық болу.
96. Қызғанышқа берілмеу.
97. Дөрекі және жауыз болмау.
98. Шектен шықпау, Алланың қойған шектерін бұзбау.
99. Материалдық және рухани тұрғыда таза болу, тазалықты діннің алғашқы шарттарынан деп білу, өйткені Алла тазалықты және таза болушыларды сүйеді.
100. Үнемі жағымды, әдемі нәрселерді жасау. Өйткені Алла әдемі және әдемілікті сүйеді.