-
...Расында, өзін әлдеқандай көретін мақтаншақты Алла жақсы көрмейді [1]. Яғни, тәкаппар, туысқандары мен көршілеріне мұрнын шүйіріп қарайтын, адамдардың арасында мақтанып олардан өзін жоғары һәм артық санайтын адамды Алла жақсы көрмейді.
-
...Расында, Алла опасыздық һәм күнә жасауда тым шектен шыққандарды жақсы көрмейді [2]. Яғни, шектен шыққан қиянатшыл әрі күнәнің батпағына белшесінен батқандарды жақсы көрмейді [3].
-
Уа, иман келтіргендер! Алланың сендер үшін адал еткен таза әрі денсаулыққа зиянсыз нығметтерін өздеріңе харам қылмаңдар һәм (оларды ысырап қылу арқылы) шектен шықпаңдар. Расында, Алла шектен шығушыларды жақсы көрмейді [4].
-
...Расында, Алла опасыздарды мүлде ұнатпайды [5].
- Шынында, Алла опасыз әрі рақметі жоқтардың ешқайсысын жақсы көрмейді [6].
-
...Расында, Алла есіргендерді ұнатпайды!»[7]
-
Расында, Алла бұзақыларды әсте жақсы көрмейді [8].
-
«Ешкімге мұрныңды шүйірме, жер бетінде кердеңдеп жүрме! Расында, Алла кеуде керіп, менменсіген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды» [9]. Яғни, адамдарға менсінбей қарап, тәкаппарлықпен теріс айналма [10] және жер бетінде тәкаппарланып жүрме, өйткені Алла тағала өзін ұлық көретін, басқалардан артық һәм жоғары санай- тын, кеуде керіп даңдайсып жүретін адамды жақсы көрмейді [11].
Сілтемелер:
- «Ниса» сүресі, 36-аят.
- «Ниса» сүресі, 107-аят.
- Али әс-Сабуни, «Сафуатут-Тәфәсир», 1/302.
- «Мәида» сүресі, 87-аят.
- «Әнфәл» сүресі, 58-аят.
- «Хаж» сүресі, 38-аят.
- «Қасас» сүресі, 76-аят.
- «Қасас» сүресі, 77-аят.
- «Лұқман» сүресі, 18-аят.
- Қуртуби 14/70.
- Али әс-Сабуни, «Сафуатут-Тәфәсир», 2/493.