Әлеуметтік желіге тәуелді екендігін анықтау жолдары
Әлеуметтік желіге тәуелді екендігін анықтау жолдары
4 жыл бұрын 3762 bilim-all.kz/

Технологияның қарқынды дамып жатқан замандамыз. Осы дамудың жемісі болған интернет, гаджет сияқты өнімдерді орынды, шектеулі қолданбаған жағдайда біршама келеңсіздіктерге жол ашатыны ақиқат. Соның бір мысалы ретінде соңғы кездердегі адамдардың «whatsapp», «Instagram» секілді әлеуметтік желілерге деген тәуелділігін атауға болады. Әлеуметтік желіге тәуелділікті қалай анықтауға болады? Мамандар мына тізімдегі ерекшеліктер қаншалықты сізге тән болса соншалықты тәуелді екеніңізді аңғаруға болатынын айтады:

● Күніне бір сағаттан астам уақыт әлеуметтік желіде отыру.

● Әр 5-10 минут сайын телефонды ашып қарау.

● Әлеуметтік желіде өтетін уақыттың бара бара аздық етуі.

● Ақпараттарды тым көп бөлісу, күнде жазба жариялап, оған адамдардың талдау жазуын күту, “лайк” күту.

● Әлеуметтік желіге кірмеген кезде өзіңізді жайсыз, ашулы, жабырқаулы сезіну.

● Қылт етсе, сәл мүмкіндік туса әлеуметтік желіге кіруді қалап тұру.

● Cабақта, жұмыста, отбасы ішінде күнделікті жауапкершіліктеріңіз бен міндеттеріңізді кешіктіруге себеп болу, т.б...

Болмашы көрінгенімен осы тәуелділікке бой алдырып, құтыла алмай жүрген қаншама адамдар бар. Маңыздысы адамдардың мұның тәуелділікке апаратындығын ұғынып, мұны болдырмау үшін әлеуметтік желілерді шектеулі, орынды қолдануға тырысуы керек. Мамандар мына төмендегі ерекшеліктерді орындауға кеңес береді:

● Әлеуметтік желіде отырған уақытты белгілеп жүру, шамадан аспауын қадағалау.

● Әлеуметтік желі қосымшаларының ескертулерін дыбыссыз күйге келтіру.

● Негізгі беттегі әлеуметтік желі қосымшаларын көрінбейтін келесі бетке орналастыру.

● Әлеуметтік желіде өтетін уақыттың күніне 30 минуттан аспауын қадағалаңыз, мәселен түске дейін 15 минут, түстен кейін 15 минут. Мерзім толғанда дереу жауып тастаңыз.

● Адамдармен жазбаша түрде емес, қоңырау шалып немесе көзбе-көз кездесіп сөйлесіңіз.

● Спорт, кітап оқу, секілді өзіңіз ұнататын белсенділіктерге уақыт бөліңіз.

● Достармен кездесулерді жиілетіңіз.

● Осы аталғандарды орындағанмен де тәуелділіктен құтыла алмасаңыз психологтың көмегіне жүгініңіз.  

0 пікір