Акциямен сатылған алты көрпе
Акциямен сатылған алты көрпе
7 жыл бұрын 4898
Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ

Мына дүние барға – шекер, жоққа – бекер болып көрінеді екен ғой. Бір кісі бала-шағасы көп болса да, өте кембағал өмір сүрді. Күз келіп, күн суыта бастағанда балалары үстіне жамылатын көрпе болмағандықтан, түні бойы тоңып шығады. Салқын тиіп ауыра бастағандары бар. Амал жоқ, бір отбасының әкесі болған соң, қолындағы бар ақшасын алып көрпе-төсек дүкеніне барады:

- Қарағым, ең арзан көрпелерің қанша тұрады. Маған алты көрпе зәру керек болып қалды. Қолымдағы бар ақшам 100 сом ғана. Соған не бере аласың?

- Ағасы, менде қытайда жасалған арзандау көрпелер бар. Біреуі 20 теңгеден. Бірақ 5 данасын алсаңыз, алтыншысын тегін берейін, - деді дүкенші.

Пақыр кісіге мұның өзі ат мінгізгенмен тең болды. Қуанғанынан көзінен жасы шығып, үйіне қарай тартып кетті. Бұл кісі кетіп қалған соң, дүкеншінің серігі келіп:

- Әлгі кісіге бергендеріңіз 350 сомнан сатылып жатқан көрпелер емес пе еді? – дейді.

- Иә, дәл солар ғой.

- Неге сонша арзандатып жібердіңіз оны?

- Әй, қарағым-ай, сен түсінбей қалғаныңды білемін. Бірақ мен жаңа ғана кіммен сауда жасағанымды білесің бе?

- Кіммен, апа?

- Ұлы Раббымыз Алла Тағаламен сауда жасадым.

- Алла Тағаламен дейсіз бе? Ол қалай сонда?

- Сен байқадың ба, әлгі келген адамның бұл көрпелерге қаншалықты зәру екенін? Қылышын сүйреп келе жатқан қыста көрпелері болмаса, олар отбасымен бірге суықтап қалмай ма? Сол кезде оларға Алланың мейірімі түспейді дейсің бе? Солардың суықтамауына себеп болсам, дәл солар секілді маған да Алланың мейірімі түссе екен деймін. Бүкіл мүліктердің иесі, бүкіл жүректердің иесі Алла Тағала маған мейірім назарымен қараса, одан артық не байлық керек маған? Егер әлгі кісінің көңіліне тиер деп ойламасам, сол көрпешелерді тегін-ақ беріп жіберер едім. Алла Тағаламен сауда жасадым дегенім сол, жаным!..

0 пікір