Айя София
Айя София
9 жыл бұрын 5610 almaty-akshamy.kz
Мәлік Отарбаев

Ыстамбұлда «Айя София» деп аталатын мешіт бар. Әу баста шіркеу болған. Конс­тантинополь тарихта Ыстамбұл болып өзгерген күннен бастап мешітке айналған. Ал кейін Түрік Республикасы құрылған кезде мешіттік қызметі тоқтатылып, мұражайлық сипат алды.

Осы мешіт-мұражай кейде бүгінгі мұсылман баласының бейнесін көз алдыңа әкеледі.

Қараңызшы… Жер бетіндегі көне ғимарат. Ең ірі ғибадатханалардың бірі. Есігін айқара ашып қойған. Қазынасы әлі күнге дейін таусылмаған.

Алайда ешқандай құлшылығы жоқ. Екі дүние үшін салынған Құдайдың үйі бүгін бір-ақ дүниеге қызмет етеді. Мәні жоғалып барады…

Тіршілік – сән, құлшылық – мән.

Айя Софияны талай жырлаған Нежип Фазыл қандай жақсы айтқан: «Бес күндік өмірге бола ұрыс, мәңгіге қалар ма екен жарым ырыс…»

Екі жаһанға сай жаратылған жанға екі дүниенің де қайыры керек.

0 пікір