Бүгінде жаппай қырып-жоятын қарудың ең қауіптісі не екенін білесіз бе? Стриптиз бишілер!
Қазіргі заманда сән мен ашық-шашық киінудің шектен шығуы көп адамға үйреншікті көрініске айналғаны рас. Алайда, бұл құбылыстың астарында адамзатқа төнетін үлкен қауіп-қатер жатқанын кез келген адам аңғара бермейді.
Осы тақырыпта кезінде белгілі орыс ғалымы, академик Леонид Китаев-Смык арнайы ескерту жасап, бұның ерлер денсаулығы мен ұлттың болашағына тигізетін зардабын ғылыми дәлелдермен түсіндірген болатын.
Иә, жалаңаш әйелдердің денесін шамадан тыс көру – көбінесе ер адамдарда қатерлі ісікке алып келеді екен. Яғни, «өркениетті адамзат» бір күні ядролық соғыстан да, табиғи байлықтың таусылуынан да емес, жалаңаштықтың шамадан тыс етек алуынан жойылады. Ал жер бетінде сол кезде, бәлкім, тек мұсылмандар ғана қалуы мүмкін...
Бұл – қиял-ғажайып роман емес, бос сөз де емес. Мұндай қорытындыға кеңес дәуіріндегі алғашқы ғарышкерлерді дайындаған белгілі дәрігер, «Стрестің психологиялық антропологиясы» атты іргелі еңбектің авторы, академик Леонид Китаев-Смык келген.
Ең қызығы – бұл ғалым дінге қарсы емес, керісінше, оның ғылыми қорытындылары діндердің артық әурешілікті, шектен шыққан нәпсіқұмарлықты тыйым салатын қағидаларымен үндесіп жатыр.
Ол өзінің осы пікірін «Россия за жизнь» электронды басылымына берген сұхбатында ашық жеткізген. Төменде орыс ғалымының сұхбатынан аударып беріп отырмыз:
Ерлер ауруының таралуы
«Соңғы ондаған жылда Еуропа мен Америка елдерінде ер адамдар арасында қуықасты безінің ісігі мен аденомасы (қатерсіз ісік) індеттей кең таралып жатыр» дейді академик.
-
Қазір 40 жастағы ерлердің 40 пайызында осы ауру бар.
-
Ал 40-тан асқандардың жартысы бұл дертке шалдыққан.
-
АҚШ-та 60 жастан асып қайтыс болған ер адамдардың 80 пайызынан қуықасты обыры анықталған. Бұл – олардың көбісі сол аурудың ауыр кезеңіне жетпей өмірден өткендігін білдіреді.
Ал таңғаларлығы – мұсылман елдерінде мұндай қауіпті деңгей байқалмайды.
- Неліктен олай? Былай қарасақ, Батыс елдері медицинасы дамыған, өмір сүру деңгейі де жоғары елдер ғой деген журналистің сауалына, орыс ғалымының жауабы:
«Мен мынадай қорытындыға келдім: «тұтынушылық қоғам» өрісі басым болған қоғамда, соңғы он жылдықта әйелдің ғаурат жерлерін ашып көрсетуші киімдер барған сайын нормаға айналды, ғылыми тілмен айтқанда, әйелдің екінші жыныстық белгілерін барынша айқындайтын, ашып көрсететін сән қалыптасты.
Қыздардың ашық іштері, кіндігі, жабысып тұратын тар джинсы, кеудесі ашық көйлектер – күнделікті үйреншікті көрініске айналды. Бұлардың бәрі – нәпсіні оятатын сигнал. Орта есеппен қаладағы бір ер адам осындай «сигналдарды» күніне 100–200 рет көреді. Бірақ ол қалауын іске асыра алмайды.
Соның салдарынан бұл «қалау» санадан ығысып, одан кейін қанға белгілі бір гормондар бөлінеді. Ал ең қауіптісі – бұл гормондар аз мөлшерде де емес, тым көп те емес – дәл қатерлі ісік тудыратын орташа деңгейде бөлінеді. Осының нәтижесінде жиі қозатын, бірақ қалауын қанағаттандыра алмайтын ер адамның өз ағзасының ішінде қатерлі дертке апаратын ішкі соққы басталады.
Табиғат заңы не дейді?
Ғалымның айтуынша, табиғатта әрбір қозу міндетті түрде шынайы қарым-қатынаспен аяқталуы тиіс. Ер мен әйел арасындағы құштарлық – ұрпақ жалғастыру үшін жаратылған пайдалы механизм. Сол себепті де барлық діндер неке мен отбасыны жақтайды.
Жануарлар әлемінен мысал келтірейік: аналық ең мықты аталықты таңдайды, әлсіздерін қабылдамайды. Ал сырт қалған аталықтарда да қалауды сезіну бар, бірақ оны іске асыра алмайды. Соның салдарынан оларда гормон жоғарғы қауіпті деңгейде сақталып, уақыт өте келе әлсіздікке, кейін қатерлі ісікке ұшырайды. Яғни, әлсіздері табиғи жолмен сұрыпталады. Қазіргі ғылым дәл осыған ұқсас құбылыстың адамда да жүріп жатқанын дәлелдеп келеді.
Жалаңаш Сән – бұл, «жыныстық стресс»
Әйел сұлулығын шектен тыс ашатын сән – бұл жыныстық күйзелістің (стрестің) бір түрі. Ол ер адамда:
-
Ішкі тұйықталуға;
-
Жыныстық әлсіздікке;
-
Тіпті қатерлі ісікке дейін апарады.
Сондықтан бай әрі «өркениетті» Батыс халықтарының біртіндеп азаюының да бір себебі – осы.
Ал олардың орнын кім басып жатыр?
Ғалымның айтуынша, ұятты, әдепті сақтаған, әйелдерін қорғаған, жабық киім үлгісін ұстанған халықтар көбейіп келеді. Ең алдымен – бұл Ислам елдеріндегі мұсылман халықтар.
Ал ыстық елдер ше?
- «Африка, Азия, Латын Америкасында кей халықтар ашық жүреді ғой?» деген сұраққа ғалым былай жауап береді:
– Олар ұзақ өмір сүре ме? Мықты өркениет қалдырды ма? Тарихта «жалаңаш тән» культін ұстанған көне гректер мен римдіктер де жойылып кеткен. Оларды соғыс емес, ішкі азғындық құртты.
Содом мен Ғоморра жайлы Құран мен Інжілде айтылатын мысал – соның бір дәлелі. Табиғат заңына қарсы шыққан қоғам ақыры өз-өзін құртады.
Бұрынғы Киім – әдеп пен көркемдіктің үлгісі еді
XIX ғасырдағы барлық халықтардың киіміне қараңыз:
-
Кең;
-
Ұзын;
-
Денені жапқан;
-
Ер адамды қызықтыратын, бірақ арсыздыққа итермелемейтін үлгіде.
Сұлулық бар, бірақ нәпсіні қоздыратын ашықтық жоқ.
Ендеше, тым ашық киінетін әйелдер қауымы мынаны білгендері жөн: кейбір заманауи әйелдер өздерінің ашық киімдерімен ерлер денсаулығына тікелей зиян келтіріп жатқанын аңғармайды. Бір қыз сән үшін ашық киініп, бір ғана адамды қуантса, жолай он адамның денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Стриптиз – жаппай қыру қаруына айналып, Батыс қоғамын ауру еркектер қоғамына айналдырды.
Бұдан шығу жолы қандай?
Ғалымның айтуынша, шешімі өте қарапайым:
-
Сәнді қайтадан дәстүрге жақындату керек;
-
Киім сұлулық пен денсаулықты қатар сақтауы тиіс;
-
БАҚ арқылы ұлттық, әдепті киім үлгісін насихаттап, қайтадан беделін көтеру керек.
Бір кездері барлық халықтың өзіне тән әдепті киіну мәдениеті болған. Оны қайта тірілту – бүгінгі ұрпақтың қолында.
Мыңдаған жылдық бұрынғы "алтын ғасырға" шақырудың қажеті жоқ – киімнің негізгі міндетін дұрыс түсініп, сұлулық пен денсаулықтың оңтайлы арақатынасын қайтарсақ жеткілікті. Сізге айтайын: қазір бүкіл әлемді киіммен қамтамасыз етіп отырған қытайлықтардың өзі, біздің тапсырысымызбен "батыс сәнін" емес, біз сұраған үлгіні жеткізетін болады деп сөзін аяқтайды ғалым.
Дереккөз: islam.uz (орыс тілінде, қазақшалаған ислам кз).