108 мың адамның иман келтіруіне себепкер болған
108 мың адамның иман келтіруіне себепкер болған
10 жыл бұрын 4040

Шейх Дінмұхаммед 1989 жылдан бастап индуизм бағытындағы сенімін тастап, иман келтірген соң Ислам дінін табанды түрде насихаттап келеді. Осы еңбегінің нәтижесі ретінде 108 мың адамның мұсылман болғандығын айтуға болады. 

Қазіргі кезде Шейх Дінмұхаммед «Алла Уәли» үлкен мешіті мен дінге бетбұрушыларды оқытатын «Айша Тәлім әл-Құран» медресесін басқарып отыр. 

Ол үнемі безендірілген таяқ ұстап жүреді. Қарияның алқызыл түсті куфиясы оның дінге беріктігін аңғартып тұрғандай.

Қария: «Мен бүкіл әлемнің мұсылман болғанын қалар едім», - деген өзекжарды тілегін білдірді. Тағы бір сөзінде: «Мен Исламды әрдайым жақсы көрумен келдім. Құран Кәрімді оқығанда түсінгенім, 360 Құдайдың болуы мүмкін емес» - дейді.        

Алғаш рет Қасиетті Құранды жасырын оқып жүрді. Өйткені, ол өзін өзге мұсылмандар көргенде түсінбей қалуынан қорықты.

Анасы өзге дінге әуестік танытып жүрген баласы үшін алаңдаған болатын. Сөйтіп, егер баласын үйленуге көндірсе, онда көңілі басқа жаққа бұрылады деп үміттенді. Содан 15 жасқа толар-толмас той жасап, қария ертерек отау құрады. Өмірінде төрт қыз, сегіз ұл көреді. 

Бірақ, бұл жағдай оған Исламды оқып үйренуге кедергі келтірген жоқ. Ол Саин Мухаммед атты ұстаз тапты. Ұстазы оған қасиетті Құранды, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) хадистерін оқуды үйретті. Бақытына орай, қарияның атасы да Ислам дінінің жақтаушысы болған екен. Екеуі дінде табандылық танытып, осы жолда бір-біріне көмектесуді ұйғарады. Бір өкініштісі, шейх бұрындары сөзбайласып қойғандықтан қызын мұсылман емес үндіге беруге мәжбүр болады.

Дінге келгеннен Шейх Дінмұхаммед адамдарды дінге шақыруды өзінің басты мақсаты етіп алды. Әуелі ол бұл игі істі алысқа бармай-ақ өзінің ауласынан бастады. Алдымен жанұясына дін үйретті. Кейіннен бұл миссиясының ауқымын кеңейте түсті. Ешкімді күштеп тартқан, тек көркем түрде дінді дұрыс түсіндіре білді. Бай, беделді адамдармен кездесе бастады. Бұл оның негізгі мақсатының нәтижелі болуына әсер етті. Пәкістанның бұрынғы министрі, қазіргі кезде «Матлы» қант шығаратын компанияның басшысы Сикандар Хаят оған осы ісіне бір көмегі тиер деген ниетпен қомақты қаржы бергісі келеді. Бірақ, шейх одан бас тартады. Оның орнына жаңадан дінге бетбұрушылар арасында жұмыссыз жүргендер бар екендігін айтып, соларға жұмыс тауып беруін өтінеді. Хаят мырза мен оның қызының көптеген көмектері тигенін айта кету керек. 

Шейхтың өзінің айтуы бойынша, оның бұл әрекетін алыс-жақындағылар жақсы қабылдап, тіпті түрлі дін мен ағымдардың өкілдерінің өзі Исламды қабылдап, дінді тереңірек түсіну үшін алдына келетін көрінеді. Оның тұратын үйінің жанында кішігірім мешіт салынған. Онда ол балаларды Құран оқуға үйретеді. Сауат ашушылардың арасында дені қыз балалар екен.

Жаңадан дінге бетбұрушылармен жұмыс жасау қиын екенін шейх жақсы түсінеді. Олардың жаңа өмірмен бетпе-бет келуінің өзіндік қиындықтарға толы екенін де біледі. Алғашқы 40 күндік дәрісінде олардың өмірлерін жеңіл етіп көрсеткісі келеді. «Алғашқы кездері тек парыздарды ғана өтесе жеткілікті» - дейді ол тек міндетті нәрселерді меңзеп. Егер ондайларға бірден күніне бес рет намаз оқу керек екендігін міндеттесең, онда олардың түрлері бұзылып, қашып кетуге дайын.

Ол адамдарға қалай әсер ететіндігін ашып айтқан жоқ. Бірақ, үнемі оларға: «Мен де кезінде үнді болғанмын. Егер мұсылман болмасаңдар, онда қиын есеп күні мен тозақ оты күтіп тұр» дейді екен.

Жаңадан дінге бет бұрғандарды басқа аудандарға біршама уақытқа жіберіп отырады. Яғни, мұсылмандар көп шоғырланған аудандарға. Бұл олардың үнділердің кейбір қылықтарынан арылып, дін жайлы түсінігін тереңдете түсу үшін қажет екенін жеткізеді шейх.

Тіпті, үнділер оны қызымен бірге ұстап әкетіп, адамдарды Исламға шақыру ісін доғаруын талап етеді. «Олар кедей үнділер мұсылман болып, кейін өздеріне қарсы шығуынан қорқады. Сондықтан да, осылай жасайды» - дейді қария.

108 мыңға жуық адамды тура жолға салуға себепкер болса да, ол мұны қанағат тұтпайды. Ол әрбір Жер бетіндегі пенденің мұсылман болғанын қалар еді. Кеудесінде жан барда бұл іспен ары қарай да айналысуды тоқтатпақ емес. 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз: