Ұл балаларды еңбекке қалай баулу керек?
Ұл балаларды еңбекке қалай баулу керек?
7 жыл бұрын 3686
Айып НҮСІПОҚАСҰЛЫ

Ұл тəрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, от басының ұйтқысы, халыққа бақыт-байлық жаратушы екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ер жігіттің қалай болу керектігі, ел-жұрт, үлкен-кіші, кəрі-жас алдында өзін қалай ұстап, əйелдер мен балаларға қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына үлгі-өнеге болу, қиын сəттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда ерлік көрсетіп, азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият үйретіледі. «Ұлым жақсы болсын десең, біліктімен ауыл бол» дейтін халық даналығына сай, ұлдары тайға мініп, өз тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастаған соң, адамгершілігі жоғары, білімі терең жақсы адамдармен көрші болып, өнерлі, үлгі-тағылымды кісілермен жиі барыс-келіс жасап, ұрпақтарының тамаша үлгі-өнеге алып өсуіне шарт-жағдай əзірлеп береді. Арлы, адал, өнерлі, білімді азамат болып шығуға талпындырады, түрлі жиын-тойлар мен үлкен-кіші ортасында əдепті, ибалы, тəртіпті, мəдениетті болуға, өзін дұрыс ұстап, жаман мінез, жағымсыз қылық көрсетпеуге дағдыландырады. Үлкен-кіші ортасында бейəдеп сөз сөйлеп, асып-таспауға, ашық-шашық жүрмеуге үйретеді. Қай жерде жүрсе де, қандай қызмет істесе де кішіпейіл, қарапайым, қажырлы болып, ер азаматқа лайық ерлік, серілік танытып, еркектік мінез, азаматтық тұрғыдан жазбауға жетелейді. «Еркек мінезді əйелден, əйел мінезді еркектен без» деп, еркекте еркектік, əйелде əйел дік қасиет болуын дəріптейді.

Бұл тəрбие ұл балалардың жауапкершілік жəне қожайындық сезімі мен отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін жоғарылатады.

Ақыл-айла, күш-қайрат жақтан ақаусыз есейіп, туған жерге, Отанға, халыққа мол үлес қосу санасын жоғарылатады. Əрқашан өздерін ел алдында ер азаматтық биіктен көрсетуге тырысатын намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып шығады.

 Ұлдарды еңбекке тəрбиелеуде əр отбасы «еңбегің қатты болса, татқаның тəтті болады», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «ерте тұрған еркектің ырысы ілгері», «еңбек – бақыт, байлықтың атасы» деп, ұрпақтары ес біліп, қолғабысқа жарай бастаған кезден бастап ерте тұрғызып, түрлі жұмыстарға жұмсап, шаруаларды істетіп, еңбек тəртібін үйретіп, мұқият тəрбиелей бастайды.

Бұл тəрбиені жүргізгенде тəжірибелі ата-аналар ұрпақтарына еңбектің бақыт-байлық кілті екендігін, еңбексіз тапқан бақыт-байлықтың баянсыз болатындығын жанды мысал, нақты дəлелдермен көрсетіп, еңбектің қыры мен сырын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Жал қаулық пен жатып ішерліктің арамтамақтық болатындығын ұғындырады. Сондай-ақ, мал бағып, от жағудың, егін егіп, бау-бақша өсірудің əдіс-тəсілдерін үйретеді. Мал күзетудің, ел қорғаудың, төл алып, түрлі дерт-дербездердің алдын алудың, егін жиып, қырман басып, күзем алып, қысырақ матаудың, күйек алудың қыры мен сырын таныстырады. Сарай салудың, үй тұрғызудың, түрлі жиһаздар жасап, алтынмен аптап, күміспен қаптаудың, т.б. жолдарын үйретеді. Сонымен бірге, ат үстінде тұрып жерге түскен қамшысын алдырған, төрде бос отырып есік жақта отырған адамға бір тал шырпы алдырған, бос сөз бен күн өткізіп, бір тиындық пайдалы жұмыс істемеген адамның, басқалардың еңбегін тамашалап қарап тұрған, көріп тұрып жұмысына қол тигізбеген адамның сол күнгі ішкен тамағы мен алған ақысын арам деп ұғындырады. Қаншалық асығыс болса да, «баламыздың белі бүкір болып қалады» деп, жұмыс істеп жатқан адамдарды көргенде ат үстінде болса да, аттан қарғып түсіп, жұмысқа міндетті түрде қол тигізіп, онан соң барып өз жолына түседі.

Ұлдарды еңбекке тəрбиелеудің ғылыми мəн-мағынасы өте терең. Ол балаларды еңбекшілдікке, ержүректікке, іскерлікке, шеберлікке баулып, жалқаулық пен жатып ішерліктен аулақ болуға, еңбекті, өнерді қадірлеп, қос қолдарымен бақыт-байлық жаратуға жебейді. Сөйтіп, балалардың денесін шыңдауға əрі сау денелі, ақаусыз азамат болып жетілулеріне тамаша негіз қалайды.

1 пікір
  • ★★★★

    ✅✅✅✅ 15 ООО рублей в день работая 15-20 минут за компьютером или ноутбуком!

    ✅ Pабoта для жeлaющих сaйт http://delocentr.ru

    ★★★★
    7 жыл бұрын