Егер адам өз үйіне кіруге ниеттенсе, алдымен ішке кірмей тұрып, аздап жөткірініп, сосын: «Әссәләму аләйнәә мин Роббинәә» (Раббымыздан бізге тыныштық болсын)» деп айтуы тиіс. Өйткені кейбір риуаяттарда былай делінеді:
«Мүмін адам үйінен шыққанда, Алла Тағала оның үйінің есігіне екі періштені қояды — олар оның мал-мүлкін, жанұясын қорғайды. Ал шайтан болса, оған қарсы жетпіс қаскөй шайтанды қояды.
Мүмін үйіне жақындай бергенде, әлгі екі періште:
«Егер ол адал ризықпен қайтып келсе, о Алла, оған сәттілік нәсіп ет!» – деп дұға етеді.
Ал адам жөткірінген сәтте періштелер жақындай түсіп, шайтандар алыстап кетеді.
Егер ол: «Әссәләму аләйнә мин Роббинә» (Раббымыздан бізге тыныштық болсын)» – деп айтса, шайтандар мүлде жасырылып кетеді. Періштелердің бірі оның оң жағында, екіншісі сол жағында тұрады.
Адам есікті ашып: «Бисмиллә» десе, шайтандар қашып, екі періште онымен бірге үйге кіреді. Олар оның үйіндегі әр нәрсені көркем көрсетіп, сол күнгі және сол түнгі тұрмысын берекелі етеді. Мүмін үйінде отырған кезде періштелер оның басығасында тұрады:
– егер ол ас ішсе — адал етіп ішеді;
– егер су ішсе — таза су ішеді;
осылайша ол үйінде өткізген күні мен түні бойы көңілі тыныш, жүрегі жайлы болады.
Егер адам бұлардың ешбірін істемесе, періштелер одан алыстап кетеді де, керісінше, шайтандар онымен бірге кіреді. Олар оның көзіне үйіндегі барлық нәрсені ұсқынсыз етіп көрсетеді, отбасынан оның жүрегін ауыртатын сөздер естіртеді, сөйтіп оның отбасымен қарым-қатынасына дейін араласып, дінін бүлдіретін жағдайлар шығарады.
Ал егер ол үйленбеген болса, шайтан оған ұйқышылдық пен жалқаулық салып қояды. Ұйықтаса — өлген адамдай ұйықтайды, отырса — пайдасыз ойларға беріліп отырады. Жаны кірбің, көңілі бұзылған күйге түседі. Олар оның асын да, сусындарын да, ұйқысын да бұзады1.
1 «әл-Ғұн-я ли Толиби ториқыйль хақ».