Тұрмысқа шығатын қызға анасының айтқан 10 өсиеті
Тұрмысқа шығатын қызға анасының айтқан 10 өсиеті
5 жыл бұрын 13989 www.bakittiotbasi.kz

Умму Ханса есімді мейірбан ана қызын тұрмысқа шығарар алдында мынадай өсиеттер айтқан екен:

«Қызым, егер өсиет әдепке немесе мансаптың дәрежесіне қарап айтылатын болғанда, мен саған өсиет айтпас едім. Бірақ «өсиет» дегеніміз – ақылдыны ескерту, мәңгүртті ояту. Қызым, егер қыз баланың тұрмыс құруына әке-шешесінің байлығы қажетсіз болуы дәреже саналса, сен ол дәрежеге лайықты болар едің. Бірақ біз ерлер үшін жаратылғанбыз, ерлер біз үшін жаратылған. Қызым, сен өз Отаныңды, туып-өскен ұяңды тастап, өзің үйренген ортадан танымайтын жат ортаға, білмейтін елге, бірге болып көрмеген жанға бара жатырсың. Саған иелік ететін жолдасың, қожайының әрі патшаң болатын адаммен тұрмыс құрасың. Сондықтан ол үшін күң секілді бол, сонда ол саған құл секілді болады. Мына 10 ережені ұстансаң, күйеуің саған таптырмас қорғаның әрі еске салушы көмекшің болады. Сонда жақсылыққа кенелесің!

1. Күйеуіңмен қанағатта өмір сүр! Қанағатшыл бол! Қанағат жүректі рахаттандырады.
2. Күйеуіңмен жақсы қатынаста бол, оны тыңдай біл, бұйрығына құлақ асып, бағынатын бол! Сонда саған Аллаһ разы болады.
3. Күйеуіңнің көзіне әрдайым жақсы, сұлу болып көрін! Сенің жағымсыз түріңді ешқашан көрмесін! Күйеуіңе сенен жағымсыз иіс сезілмейтін болсын! Сүрме және су қолдануды ұмытпа! Сүрме – барша нәрселердің ішіндегі ең жақсысы. Су – табыла бермейтін иіссулардың ең тәттісі, тазалық көзі.
4. Күйеуіңнің тамағын уақтылы дайында! Өйткені, аштықтың ыстығы күйдіріп, ашу шақырады.
5. Күйеуің ұйықтаған кезде тыныштық сақта! Себебі, шала ұйқы ызаландырады.
6. Күйеуіңнің үйіне, дүние-мүлкіне сақтықпен қара! Өйткені, мал-мүлікті сақтай білу оны шынайы қадірлегеніңнің көрінісі болып табылады.
7. Отбасыңды, балаларыңды күте біл! Бұл – ұқыптылықтың белгісі.
8. Күйеуіңнің сырын ешқашан да және ешкімге де ашушы болма! «Сырын аштым» дегенің – оның сенен безгені.
9. Күйеуіңнің бірде-бір ісіне қарсы шықпа! Егер қарсы шығатын болсаң, оның жүрегін қатырасың. Оны қаншалықты ұлықтасаң, соншалықты ол сені құрметтейді. Онымен қаншалықты келісер болсаң, ол соншалық саған жақын болады.
10. Күйеуің көңілсіз болғанда, сен қуанышты болма! Барынша оған құрмет көрсет, сонда ол да саған барынша жомарттығын аянып қалмас. Онымен барынша пікірлес бол, сонда күйеуің сенің ұзақ уақытқа жолдасың болады. Және де сен өз қалауыңнан оның қалауын, өз ризалығыңнан оның ризалығын артық көрмейінше бұл істерді жасай алмайтындығыңды біліп қой! 

0 пікір