СІЗ КІТАП ОҚИТЫН АНАСЫЗ БА?
СІЗ КІТАП ОҚИТЫН АНАСЫЗ БА?
3 жыл бұрын 3072

Қазіргі ата-аналарды кітап оқитындар және оқымайтындар деп екі топқа бөлемін. Егер кітап оқитын ата-аналар көп болса, онда бақыттымыз. Ал оқымайтындары көп болса, онда балаларымыз кітап оқымайтын үлкендердің тәрбиесімен өсіп жатыр деген сөз. 

Бірден ашып айтайық, инстаграмм, ватсап, фейсбук желілерін оқу кітап оқумен тең емес. 

Өмір мен оның мәні, адам мен адами қарым-қатынас, жақсылық пен жамандық, адалдық пен қиянат дегендер қазір ешкімді қызықтырмайтын тақырыптар болып көрінеді.  Бірақ, олардың қажеттілігі мен өзектілігі өте үлкен.

1. Баласын Абай атамыз сияқты данышпан тұлға етіп тәрбиелегісі келген ана «Абай жолын» оқымаса бола ма? Ол қанша жерден көркем әдебиет болса да, ондағы, 

  • ә) Құнанбайдың, Зере әженің,
  • б) Ұлжан ананың бейнелері оқығанға өте үлкен ой салады.

2. Ал балам шешен, көсем болсын деген ата-ана:

  • Әнет абызды,
  • Төле би,
  • Қазыбек би,
  • Әйтеке би,
  • Бөлтірік секілді би-шешендерді оқымаса, құры бекер армандағаннан не пайда?

3. Абылай хан мен Кенесарыны, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбайды, Сұраншы мен Саурықты оқымай, батыр бала тәрбиелеймін деу қиынның қиыны шығар.

4. Қазақтың ауыз әдебиетін, мақалдарын, бесік жырын, жұмбақтары мен жаңылтпаштарын өзіңіз оқып, соны бала тәрбиесінде қолданып көріңізші. Көп кешікпей-ақ соның пайдасын көресіз.

Жалпы, қазақ тарихымен қатар әлем әдебиетін оқуды да бөтен деп жатырқаудың қажеті жоқ. Мысалы, Лев Толстойдың кітабын оқысаңыз, оны тек жазушы емес, ұлы педагог деп ойлап қаласыз.

Қандай кітап болса да, ол адам өмірі туралы сыр шертеді. Жақсы адамды да, жаман адамды да көрсетеді. Оның бала тәрбиесіне қатысы жоқ деп кім айтады? Әсіресе, кітап оқитын ана өсірген балалардың еліне берер пайдасы мол. 

Сондықтан, елімізде кітап оқитын аналар көбейсін! 

 Асылбек Әуезханұлы, 
www.instagram.com парақшасынан.

0 пікір