Қанағаттылық
Қанағаттылық
1 ай бұрын 2533

Міне, нәпсісін есепке тарту сезімін ояу ұстай білген адамдарда рухани құзыр мен жан тыныштығын қамтамасыз ететін ерекшелік туады. Оның аты – қанағат.

Қанағат – ең үлкен байлық. Адамның көңіл байлығының дәрежесі оның қанағатымен өлшенеді. Қанағатшыл адамдар қолдарындағы мүмкіншіліктерге разы болуды біледі. Одан да көп болса екен деген құштарлық олардың жүрегінде болмайды. Бұл олардың рухани рахат көруіне, тағдырына риза болуына көмектеседі. Бірақ мұны жалқаулық пен жұмыстан бас тарту деп қате түсінбеу керек. Керісінше, біздің айтып отырғанымыз діннің шеңберінен шықпай, тепе-теңдікті сақтай отырып еңбек ету және Аллаһтың бергеніне көніп, разы болу.

Қолындағыға разы болған адам күші жеткенше басқаларға да жәрдем етуге тырысады. Ал, қолындағыны жеткіліксіз көрген адам әрқашан одан да артығын қалап тұрады. Ондай адам басқаға көмектесу, бөлісу былай тұрсын, өзіне біреу берсе екен деп тұрады. Осы атағандарымыздың бәрі, одан басқа да талай ізгіліктер жасалып өткен «асрұ саадат» қоғамы – руханияттың шыңына жеткен қоғам. Ол дәуір Аллаһ Тағаланы және Оның Расулын жақыннан, көкеймен танудың рухани нәрін татқан дәуір болған. Ол қоғамда жүректен дүниелік пайда мен құмарлықтар тазаланып, мал мен жан тек Аллаһқа, Расулына жақындаудың себепкері ретінде ғана қолданылды. Иман ләззат халіне жетті, ал мейірім бойларына сіңді.

Аллаһтың жаратқандарына қызмет ету өмір салтына айналды. Аллаһ Расулының жандүниесіне еліктеу ардақты сахабалардың ең үлкен арманы болды. Аллаһ Расулының өсиет еткен кеңестері киелі бұйрықтай қабылданып, құрметпен, ұқыптылықпен маңдайға тәж болып киілді. Ол қоғам түгелдей қанағат өлшемдерімен өмір кешті. Шектен тыс жұмсау, жан рахаты, ысырап, байлықты көзге ұру сахабаларға, сол қоғамға жат істерден болып саналатын. Саналары «ертең бұл нәпсінің қонақтайтын жері мола болады» деген ақиқатты шынайы аңғарды.

Достықтың орталығына Аллаһ пен Оның Расулы жайғасты. Бұған дейін оқу мен жазуды білмейтін қоғам Ислам мен иманның мектебінен өткен соң мәдениеттің шыңына шықты. Барлық жүректер: «Аллаһ бізден не қалайды? Расулұллаһ бізден нені көргісі келер еді?» деген сезімдермен жасады. Өмір Аллаһтың ризалығына бөленді. Мархамат пен шапқат тереңдеді, хақ пен әділдікте мұқияттылық асып-тасты. Сахаба үшін өмірдің ең тәтті де мәнді сәттері адам баласына уахиді айтып жеткізген уақыттары болды. Бүгін біз де солардың осы ізгілік керуеніне еріп, солардай рухани көркеюге дәл сондай көркем ерекшеліктерге қоғамымызбен ұмтылуымыз қажет.

Әке-шешелер, міне, осындай кәмілдікке тән-ті болып, балаларын солай тәрбиелеуге міндетті. Әсіресе балаларын бөлмей бәрін бірдей көріп, бәріне бірдей қарау керек.Ер бала болсын, қыз бала болсын, бір жынысты балалар арасында болсын, әділдік пен теңдіктен айнымау керек. Адамдарға деген сүйіспеншілік шексіз болуы керек. Бірақ ең аз дегенде оны сыртқа шығарып, көзге түспеген абзал. Мысалы, біреуіне бір нәрсе алса, екіншісіне де алу, біреуін өпкенде, екіншісінің де бетін қайтармау керек.

Сонымен қатар, ешқандай ата-ана балалары арасында қызғаныш тұқымының көктеуіне себепкер болмағаны жөн. Жақсы ата-ана көршілерді жақсы таңдауы, жаман мінезді, дінге алыс көршілері мен туыстарымен қарым-қатынас жасағанда абай болуы қажет. Оларды жолға қоямын деп жүріп, өз бала-шағасын қатерге итермегені дұрыс.


Осман Нұри Топпаш: "Тұғырлы отбасы". "Хикмет" баспаүйі. Алматы.

0 пікір