Отбасындағы махаббат
Отбасындағы махаббат
6 сағат бұрын 104

Махаббатқа келер болсақ, ол да жанұяның азығы мен қазығы. Махаббат азайған жерде сезімдер қорланған жерде жанұя да шайқала бастайды. Махаббат дегеніміз екі жақты болып келеді. Өйткені махаббат жүректердегі физикадағы біріккен сауыттар секілді бір-бірінен әсер алуға ыңғайлы күйге келтіреді. Адам қаншалықты сүйсе, соншалықты өзі де сүйікті болады. Сондай-ақ махаббат артқан сайын іс-әрекеттер мен сөздер де жіңішкеріп, нәзіктеніп, сый құрметпен безенеді.

Махаббат еш уақытта дөрекілікті қабыл етпейді, белгілі әдеп шегі міндетті түрде болуы керек. Махаббат пен мейірім және оған ұқсас барлық сезімдер үнемі белгілі тепе-теңдікте болуы тиіс. Махаббаттың шектен тысы зиян беретініндей, сүйгендерімізді махаббаттан мақрұм қалдыру оларды сырттан махаббат іздеуге итермелейді.

Махаббаттың тек нәпсі қалауларына ғана тиісті жағы алынып, шектен шығуы шектен тыс қызғаншақтық пен басқа да қателіктерге апаратындай, назардан тыс қалуы да махаббат отының сөнуіне апарады. Бұлардың екеуі де отбасы үшін үлкен апат.

Мейірімділік те сол сияқты. Шамадан артық немесе жеткіліксіз мейірімдіктің де тигізетін зияны көп. Артық мейірім адамды әлсіретеді, өте зиянды, күйретуші қателіктерге хош қарауға итермелейді. Бұл мейірім емес," жүректің әлсіздігі деуге болады. Сонымен қатар мейірімнің аздығы да жүректі қатайтады, адамды зұлымдық пен дөрекілікке итереді.

Орта жолды ұстанып, әрі тәтті, әрі қатты бола білу – нағыз жемісті мейірім. Осындай мейірім жанұяға бақыт әкелетін мейірім. Ең мейірімді ата-аналар – бір-бірін, балаларын таң намазына оятып, жан балапандарын барынша ақыретке дайындайтындар.

Туралық туралы айтатын болсақ, ол екі жақ болып бірігіп көңіл бөлетін жәйттардың бірі. Туралық дегеніміз адамның сөзі мен ісіне, сезіміне берік болып, жалған араластырмау деген сөз.

Шүбәсіз, отбасының амандығы үшін жұбайлар бір-біріне қандай жағдай болмасын – тура, шыншыл болып, өзара сенімдерін жоғалтуға себеп болатын қылықтардан аулақ жүргені өте маңызды. Ер мен әйелдің басқаларға көздері мен көңілдері алаңдамауы бұл мәселеде, әсіресе, отбасының берік болуына қажетті басты шарттардың бірі. Осындай қауіп-қатерлерге ілігіп кетпеу үшін Исламның бөгде, бір-бірін танымайтын әйелдер мен еркектердің арасындағы қарым-қатынас шектеу-лері мен қағидаларына жіті көңіл бөлген жөн.

Адамдарды күмәнға, арам ойға, өсекке және басқа азғыруларға жетелейтін қылықтар әр адамның өз абыройын да, отбасы тыныштығын да бұзатын дұшпандық, жат әрекеттер. Туралық пен сөз бен сезімге беріктіктің тағы бір көрінісі – жұбайлар бір-бірінің ата-анасы алдында құрметшіл болып, оларға қыз-мет жасауы арқылы болады. Сондықтан келін боп түскен қыздарымыз және күйеу балаларымыз аталары мен енелеріне өз әке-шешесіне көрсеткен құрмет және күтімді көрсетуі керек. Ертең өздері де солардың орнында болады. Егер бұл тұрғыда қателік жіберілсе, бұрынғылардың сөзімен айтқанда, «Күлме досқа – келер басқа» деген, ертең өздері де сондай мәмілеге тап болуы мүмкін.


Осман Нұри Топпаш: "Тұғырлы отбасы". "Хикмет" баспаүйі. Алматы.

 

0 пікір