Күйеуіңізді бақытты ететін 12 қадам
Күйеуіңізді бақытты ететін 12 қадам
6 жыл бұрын 3554
Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ

Ер адам да отбасылық өмірде бақытты болғысы келеді. Ал сол бақытқа жетуінің бірден-бір себебі өзіңіз екенін ұмытпаңыз. Олай болса: 

1. Күйеуіңізге деген махаббатыңызды көрсете біліңіз, себебі ер адам үйінде өзін жақсы көретін әйелдің күтіп отырғанын көргісі келеді. 


2. Мақтап тұруды ұмытпаңыз. Ер кісі мақтағанды ұнатады. Бұл оның табиғатына тән. 


3. Сыйлық жасап тұруды естен шығармаңыз. 


4. Тамақты дәмді әрі уақытылы дайындаңыз, себебі қарны аш адам ашуланшақ келеді. Мәселелеріңізді ол тойып, тынығып болған соң айтыңыз. 


5. Өз-өзіңізге көңіл бөліңіз. Әдемі болып жүріңіз. 
Күйеуіңіз бен балаларыңыздың жағдайын жасаймын деп жүріп, өзіңізді «ұмытып» кетпеңіз. 


6. Күйеуіңізді тәрбиелеуге тырыспаңыз. Ер адамдар өзіне бұйыра сөйлеп, жөнді-жөнсіз ақыл айта бергенді жек көреді.

7. Оған еркіндік беріңіз. Әрбір басқан қадамын аңдып, минут сайын қоңырау шалып, оның мазасын ала бермеңіз. Орынсыз қызғанышқа жол бермеңіз. 


8. Күйеуіңізді бақытты еткіңіз келсе, оны ешқашан, еш уақытта ешкіммен салыстыра көрмеңіз. 


9. Күйеуіңіздің ертіп келген қонағын тиісінше 
құрметтеңіз.

10. Тапқан ақшаңызды күйеуіңіздің алдында міндетсінбеңіз.

11. Күйеуіңізге ұнайтын нәрсені өзіңізге де ұнамды қылуға тырысыңыз. 


12. Әйел кісі күйеуі өзінің жәннаты екенін әрдайым жадында ұстағаны жөн. 


 

 

 

0 пікір