Ер адам да отбасылық өмірде бақытты болғысы келеді. Ал сол бақытқа жетуінің бірден-бір себебі өзіңіз екенін ұмытпаңыз. Олай болса:
-
Күйеуіңізге деген махаббатыңызды көрсете біліңіз, себебі ер адам үйінде өзін жақсы көретін әйелдің күтіп отырғанын көргісі келеді.
-
Мақтап тұруды ұмытпаңыз. Ер кісі мақтағанды ұнатады. Бұл оның табиғатына тән.
-
Сыйлық жасап тұруды естен шығармаңыз.
-
Тамақты дәмді әрі уақытылы дайындаңыз, себебі қарны аш адам ашуланшақ келеді. Мәселелеріңізді ол тойып, тынығып болған соң айтыңыз.
-
Өз-өзіңізге көңіл бөліңіз. Әдемі болып жүріңіз. Күйеуіңіз бен балаларыңыздың жағдайын жасаймын деп жүріп, өзіңізді «ұмытып» кетпеңіз.
-
Күйеуіңізді тәрбиелеуге тырыспаңыз. Ер адамдар өзіне бұйыра сөйлеп, жөнді-жөнсіз ақыл айта бергенді жек көреді.
-
Оған еркіндік беріңіз. Әрбір басқан қадамын аңдып, минут сайын қоңырау шалып, оның мазасын ала бермеңіз. Орынсыз қызғанышқа жол бермеңіз.
-
Күйеуіңізді бақытты еткіңіз келсе, оны ешқашан, еш уақытта ешкіммен салыстыра көрмеңіз.
-
Күйеуіңіздің ертіп келген қонағын тиісінше құрметтеңіз.
-
Тапқан ақшаңызды күйеуіңіздің алдында міндетсінбеңіз.
-
Күйеуіңізге ұнайтын нәрсені өзіңізге де ұнамды қылуға тырысыңыз.
-
Әйел кісі күйеуі өзінің жәннаты екенін әрдайым жадында ұстағаны жөн.