Күйеуіңіз жұмыстан ашулы келсе не істеу керек?
Күйеуіңіз жұмыстан ашулы келсе не істеу керек?
6 жыл бұрын 3255
Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ

Егер күйеуім жұмыстан шаршап келген болса, мен де жұмыстан немесе үй шаруасынан шаршаймын. Неменеге ашуланады?

Осыдан барып отбасыда ұрыс-керіс, айғай-шу басталады. Ері де ашулы, әйелі де ашулы. Негізінде, мұндай проблема көптеген отбасыда бар. Бұл жағдай кез келген отбасыда кездеседі. Сондай-ақ ашуға ерік бермейтін ер де, әйел де жоқ. Алайда ақылды әйел күйеуінің ашуын басып, бұл жағдайдан қалай оп-оңай шығып кетудің жолын жақсы біледі.

Ақылды әйел – күйеуі ашулы кезде үнсіз қалуды таңдайтын әйел. Егер әйел де күйеуімен бірге ашуға салынатын болса, отқа май құйғанмен тең. Отқа май құю оттың одан сайын лапылдап жануына түрткі болады.

Ақылды әйел – күйеуі ашуланған кезде, «күйеуім мені жақсы көрмейді, маған деген махаббаты азайып бара жатқандай» деген сынды жаман ойға берілмейтін әйел. Есіңізде болсын, ашуға берілу арадағы махаббаттың азайғанын білдірмейді. Ал махаббатты одан әрі нығайта түсудің жолы – ашуға берілмей, бір-біріне құрмет көрсете отырып, өзара түсінісуге тырысу.

0 пікір