Күйеуіңіз ашуланса не істеу керек?
Күйеуіңіз ашуланса не істеу керек?
6 жыл бұрын 4270
Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ

Отбасы болған соң, жұбайлар арасындағы түсінбестік пен келіспеушілік міндетті түрде орын алып тұрады. Бір өкініштісі, осындай түсінбестіктер кішкентай, болмашы бір нәрседен туындайды. Мұның ақыры әйел кісінің төркініне кетіп қалуымен немесе ажырасумен аяқталып жатады.

Мұның алдын алудың ең тиімді жолы – бір жақ ашуланған кезде, екінші жақтың үнсіз қалуы. Адам ашуланған кезде, ақылы толық жұмыс жасамайды. Ақылы толық жұмыс жасамау себепті шешімді де дұрыс қабылдай алмайды. Ашу адамның санасын тұмшалаумен қатар көзіне перде қойып, құлағын да бекітіп тастайды. Ашумен шешім қабылдап қойған адам артынша сол ісіне өкініш білдіреді. Адамның үлкен бір қасіретке ұшыраған жағдайда қатты өкінетінін байқаймыз. Ал шаңырағың шайқалып, бала-шағаң әкесіз немесе шешесіз қалса, одан үлкен қасірет бар ма?

Ендеше, болмашы нәрсеге бола бір сәттік ашуға берілемін деп, бар бақытыңыздан айырылып қалмаңыз! Күйеуіңіз айғайға басып ашуланған кезде, сіз де қосылып айғайға басып жүрмеңіз, керісінше, үндемеңіз, үндемеңіз, үндемеңіз!.. Мейлі ашудан булығып, ішіңіз қыж-қыж қайнап жатса да, үндемеңіз! Ашуыңызды жеңе біліңіз. Ашуға берілмеңіз, керісінше, ашуыңызды өзіңізге бағындырыңыз. Іштей Аллаға жалбарынып жәрдем тілеңіз!

0 пікір