Алла елшісінен (с.а.у.) біздерге истиғфар түріне жататын дұғалардың, яғни, кешірім тілеу дұғаларының бірнешеуі жеткен. Бірақ, солардың ішіндегі ең ауқымдысы әрі ең мәртебелісі - «Сәйидуль Истиғфар» дегені екен. Бұл дұға - тәубе ету мағыналарын жан-жақты қамтып тұрғандықтан, бұған Алла елшісі «Сайидуль Истиғфар» деген атау берген, яғни, «кешірім тілеу дұғаларының төресі» деген ұғымда.
Сәйидуль Истиғфар дұғасы төмендегідей:
اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لا إِلَهَ إِلا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَأَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلا أَنْتَ
Транскрипциясы:
«Аллаһумма әнтә рабби! Лә иләһә иллә әнт. Холәқтәни. Уә әнә ъабдукә. Уә әнә алә ъаһдикә уә уәъдикә мәстә-тоъту. Уә әғузу бикә мин шәрри мә сонәъту. Әбу’у ләкә биниъмәтикә аләйиә. Уә әбу’у ләкә бизәнбий. Фәғфир-лий. Фә-иннәһу лә йәғфируз-зунубә иллә әнт!».
Мағынасы:
«Уа, Аллахым! Сен менің Раббымсың. Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен - Сенің құлыңмын және Саған берген уәдемде туруға, әрі келісіміме берік болуға күшім жеткенше тырысып бағудамын. (Уә, Аллаһым!) Істеген істерімнің жамандығынан Сенен пана тілеймін. Сенің маған сыйлап жатқан нығметтеріңді (ырыс-несібелеріңді (ешқайсысын) жоққа шығармаймын. Сондай-ақ, күнәмді де жоққа шығармаймын. Мені кешіре гөр! Шынында, күнәларды кешіретін тек Өзіңсің!»
Кейбір сөйлемдердің түсіндірмесі:
- «Саған берген уәдемде туруға, келісіміме берік болуға күшім жеткенше тырысып бағудамын...» - Алла Тағалаға "әлмисақта" берген уәдеме қолымнан келгенше берікпін. Сондай-ақ, Алланың бұйырғандарын шамамның келгенінше орындап, тыйғандарынан шамамның келгенінше тыйылуға тырысып бағудамын....
- «Сенің маған сыйлап жатқан нығметтеріңді (ырыс-несібелеріңді) мойындаймын...» - Уа, нығмет сыйлаушы рахымды Алла! Сенің бізге беріп жатқан нығметтеріңді санасақ санына жете алмақ емеспіз. Сенің бізге беріп жатқан әрбір жақсылығың - нығмет. Бүкіл жақсылығыңды мойындаймыз, нанкөрлікке салынбай, саған шүкірлер айтамыз.
- «Сондай-ақ, күнәмды да мойындаймын...» - Уа, кемшіліктен пәк болған Алла! Күнәһар пендеңді кешіре гөр. Істеген күнәмды Ібіліс тәрізді тәкәппарлыққа салынып, қасарысып, ақтап алуға тырыспаймын. Керісінше Адам ата секілді істегенімді мойындап, оған өкініш білдіріп, сенен жарылқау тілеймін. Күнәмді кешкін...
А. Қасым.
islam.kz/