Сахаба Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай деген:
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ :" سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمْ اللَّهُ فِي ظِلِّهِ يَوْمَ لا ظِلَّ إِلا ظِلُّهُ : الإِمَامُ الْعَادِلُ ، وَشَابٌّ نَشَأ فِي عِبَادَةِ رَبِّهِ ، وَرَجُلٌ قَلْبُهُ مُعَلَّقٌ فِي الْمَسَاجِدِ ، وَرَجُلَانِ تَحَابَّا فِي اللَّهِ اجْتَمَعَا عَلَيْهِ وَتَفَرَّقَا عَلَيْهِ ، وَرَجُلٌ طَلَبَتْهُ امْرَأَةٌ ذَاتُ مَنْصِبٍ وَجَمَالٍ فَقَالَ إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ ، وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ بِصَدَقَةٍ فَأَخْفَاهَا حَتَّى لا تَعْلَمَ شِمَالُهُ مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ ، وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّهَ خَالِيًا فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ " متفق عليه ، رواه البخاري (2/144-174) ومسلم برقم 1712 ، وغيرهما
«Алланың көлеңкесінен басқа ешбір көлеңке болмайтын күні (яғни, қиямет күні) жеті адамды Алла Тағала өзінің көлеңкесіне алады. (Ол жеті адам):
1) Әділ басшы.
2) Құдайына құлшылық жасап өскен жас жігіт.
3) Жүрегі мешітке байланған кісі.
4) Алла үшін бір-бірін жақсы көретін және кездесулері де, айырылысулары да Алла үшін болған екі кісі.
5) Сұлу әрі лауазымды әйел (төсекке, яғни, зина жасауға) шақырғанда: «Мен Алладан қорқамын!» - деп бас тартқан кісі.
6) Оң қолының бергенін сол қолы білмейтіндей жасырын садақа берген кісі.
7) Алланы оңаша еске алып, екі көзі жасқа толған кісі»[1].
islam.kz
[1] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари»; Имам Мүслім: «Сахих Мүслім».