Өкінішке орай қоғамда жиі орын алып тұратын ауыр күнәлардың бірі – дуалау. Дуалау, басқаша айтқанда сиқыр – бұлар, дінімізде өте ауыр күнәлар қатарына жатады. Сиқыр жасау, дуалау істерімен айналысатындарды көпшілік Ислам ғұламалары кәпір санап, оның бұл дүниедегі жазасы өлім деген. Ақыреттегі жазасы мәңгі тозақ (әрине, тәубе етіп, ол ісінен тыйылып, Аллаға мойынсұнса, күнәсі кешіріледі).
Сондай дуаның бірі – ерлі-зайыптылардың арасын бұзу дуасы. Егер дер кезінде Құран аяттарымен дем салып, іштегі сиқырдан арылмаса, шаңырақ шайқалып, арты некенің бұзылуына алып келеді.
Дуа – адамға жын кіргізу арқылы жүзеге асатын сұмырай іс. Дуалаушының әмірімен кәпір жын (жындар мұсылман және кәпір болып бөлінеді) адамға кіріп, оның түйсігі мен рухына үстемдік құрады, соның нәтижесінде өкпесі қысылады, күйеуі немесе зайыбы – қайсысы дуаланған болса, бірі екіншісінен жайдан-жай жиіркенетін халге айналады, болмайтын түймедей нәрселер түйедей боп көріне бастайды т.б.
Ерлі-зайыптының бірінің дуаланғандығының белгілері
- Сүйіп тұрып, жек көріп кету. Яғни, жарына деген симпатиясы бірден антипатияға ауысып кетуі.
- Қарым-қатынастың қиындап кетуі. Жарына деген ешқандай көңіл қоштығын сезбеуі.
- Бойы дел-сал болып, үнемі денесінде ауырлық сезу. Буын-буынында әлсіздік сезілу.
- Бөтен бір әйелге құштар болып, оның айтқанын екі етпеу.
- Жары көзіне ұсқынсыз боп көрінуі.
- Көтеріп қалған сайын аборт жасата беру.
- Үйде жүрегі қысылып, ал түзде рахаттық сезу.
- Төсек қатынасында құлықсыз болу.
- Жары қорқынышты, үреу туғызушы бейнеде түсіне кіре беруі.
- Құран оқылғанда немесе азан дауысын естігенде мазасыздану
- Т.б.
Мұндай белгілері бар кісілер Құран аяттарымен және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үйреткен дұғаларын оқып, дем салып, емделгені дұрыс.
Дуаның емі
1) Дем салатын кісі дуаланған адамның басына оң қолын қойып құлағына былай деп оқиды:
اعوذ بالله من الشيطان الرجيم من همزه، ونفخه، ونفثه
«Әғузу билләһи минәш шайтанир ражими мин һәмзиһи, уә нәфхиһи, уә нәфсиһи».
Әғузуды айтқаннан соң төмендегі ретпен мына аяттар оқылады:
2) «Фатиха» сүресін он мәрте оқиды.
3) «Бақара» сүресінің алғашқы бес аятын.
4) «Бақара» сүресінің 102-ші аятын бірнеше рет қайталап көп оқиды.
5) «Бақара» сүресінің 163, 164 аяттарын, артынан 255-ші аятын, кейін осы сүренің 285, 286-ші аяттарын оқиды.
6) «Әли Имран» сүресінің 18, 19-ші аяттарын оқу.
7) «Ағраф» сүресінің 117-122 аят аралығын отыз мәрте оқу, әсіресе «Уә улқияссахарату сәжидин» деген жерін.
8) «Юнус» сүресінің 81-82 аяттарын бірнеше рет оқу, әсіресе «инналлаһа сәюбтыйлуһу» деген жерін бірнеше рет қайталайды.
9) «Тоһа» сүресінің, 69 аятын оқиды.
10) «Мүмінун» сүресінің 115-118 аралығындағы аяттарын
11) «Саффат» сүресінің 29-32 аяттарын
12) «Ахқоф» сүресінің 29-32 аяттарын
13) «Рахман» сүресінің 33-36 аяттарын
14) «Хашр» сүресінің 21-24 аяттарын
15) «Жын» сүресінің 1-9 аяттарын
16) Соңында «Ықылас», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін оқиды.
17) Сүрелер мен аяттарды оқығанда қатесіз, дұрыс оқуға мән берілгені жөн (алайда, бұл қате оқыса зияны тиеді деген сөз емес).
Ем қонғандығының белгілері
1) Ерлі-зайыптың арасындағы қарымқатынастың реттелуі.
2) Екеуінің арасында көңіл тыныштығы мен көңіл қоштығының туындауы.
3) Бойынан селқостық пен дел-салдылық кетіп, бейнебір сергектік пайда болуы.
4) Ішінде көңіл рахаты мен жүрек тыныштығының орнауы.
5) Бұрынғыдай Құран тыңдап, намаз, құлшылықтарына оралуы[1].
Үйде ұрыс, жанжал туындамас үшін
- Үйде "Бақара" сүресін оқу немесе аудио оқылуын ара-сыра қойып қою.
- Сырттан үйге кіргенде "ассәләмуғалейкум" деп кіру.
- Бес уақыт намаз оқу.
- Үйде уағыз-насихат тыңдап тұру.
- Бір-біріне жақсы ойда болу (хусни зан).
[1] Ахмед Хусейн Рыйфаъи: «әл-Хиләфәтуз Зәужия». Араб тілінде. Құдыс, 2022 ж.