Ислам некедегі рухани қағидаттарға ерекше назар аударып, оны некеде тұрған өмірдің негізі деп есептейді. Рухани жағымды өмір-ғұмырлық тәжірибе арқылы келген жан тыныштығы мен жұбайлардың арасындағы сүйіспеншілікке негізделеді. Демек, бәрі тек күйеуіне немесе әйеліне ғана қатысты емес, екеуіне де тікелей байланысты. Әрбір отағасы өз отбасын қалай құрып, қалай сақтауды біледі, әркім өз әйелімен қарым-қатынасын дұрыс деп санайды.
Алайда Құран мен асыл Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін негізге ала отыра, соған сүйеніп, отбасылардың беріктігін нығайтуға, сондай-ақ олардың әйелімен қарым-қатынасы махаббат пен өзара түсіністікке, нәзік үйлесімге толы болуы үшін ер-азаматтарға төмендегі кеңестерді ұсынамыз.
1. Оның өзін қауіпсіздік пен тыныштықтың аясында сезінуіне қамқорлық жасаңыз ("сакина"- тыныштық). Агрессивті болмаңыз!
2. Үйге келгенде «Ассаламуалейкум» деп амандасыңыз. Бұл сіздің үйіңізден шайтанды қуады.
3. Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқандай, жұбайыңыз хрусталь ыдыс сияқты. Есіңізде болсын, осы ыдыста көптеген артықшылықтар бар, оған мұқият қараңыз.
4. Жалғыз болғаныңызда, оған тыныштық атмосферасын бағыттаңыз. Басқалардың алдында оған ескерту жасау - оның беделін түсіріп, жанын жаралау болып табылады.
5. Әйеліңізге жомарт болыңыз, ол сіздің сүйіспеншілігіңізді көрсетеді.
6. Оған орын беріңіз, бұл оның жүрегін жұмсартады.
7. Ашуланбаңыз. Қалайша? Тұрақты түрде тазалықты ұстаныңыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Егер сізді ашу кернесе, отырыңыз, егер отырсаңыз, жатыңыз, сүннетті ұстаныңыз!"
8. Жақсы көрініп, хош иісті болуға тырысыңыз. Бұл сүйіспеншілікті нығайтады.
9. Қатал әрі қыңыр болмаңыз. Бұл сізді сындырады. Алла Расулы Мұхаммед (с.а.у.) былай деп айтқан: "Араларыңдағы ең жақсыларың - өз отбасына жақсы болғандарың...". Қаттылық пен дөрекілік сізді Аллаға жақындатпайды және бұл кесірлік нағыз азаматтың санатына жатпайды.
10. Жұбайыңызды тыңдаңыз, оның жақсы тыңдаушысы да бола біліңіз.
11. Жақсы, жылы сөздерге - "иә", дау-қақтығысқа - "жоқ" деңіз. Дау неке үшін у тәрізді. "Егер Алла адамдарды жазалағысы келсе, ол оларды өзара бір-бірімен қалдырады"делінген.
12. Алла Елшісі (с.а.у.): "Әйелдеріңізді оған ұнайтын ең жағымды есімдермен атаңыздар". Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) Хадишаны "Иә, Хадиша" деп еркелетіп атаған.
13. Оған жағымды тосынсый жасаңыз. Мысалы, егер ол қарбызды ұнатса, онда оған күтпеген жерден қарбыз әкеліңіз. Бұл амал оның жүрегіндегі сүйіспеншілікті молайтады.
14.Тіліңізді сақтаңыз! Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Тілдің арқасында адамның тозаққа түсіп кетуі мүмкін".
15. Әрқайсысымыздың кемшіліктеріміз бар. Оның кемшіліктерін қабыл алыңыз, Алла сіздің некеңізді берекелі етеді.
16. Оны қалай бағалайтыныңызды айтыңыз.
17. Оның өз отбасымен жақсы қарым-қатынаста болуға шақырыңыз: анасы, әкесі және басқаларымен.
18. Онымен қызықты нәрсе жайында сөйлесіңіз.
19. Туыстары алдында оны мадақтаңыз. Отбасына оның керемет адам екенін растаңыз.
20. Бір-біріңе сыйлық беріңіз, бұл сіздердің сүйіспеншіліктеріңіздің нығаюына ықпал етеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сыйлықтың арадағы сүйіспеншілікті арттыратындығын баян еткен.
21. Күнделікті өмірді әр алуан етіп түрлендіріңіз, күтпеген игі нәрселермен оны таң қалдырсаңыз, бұл сіздің өміріңізді жарқын етеді.
22. Алла Тағала біздерге адамдар жайында жақсы ойлауды талап етеді, жұбайыңыз жөнінде жақсы ойда болыңыз!
23. Кейде оның қателіктеріне назар аудармаңыз: оны байқамағандай кейіп танытыңыз, Әли (р.а.) сияқты. Оның барлық қателіктерін әрқашан қазбалай бермеңіз!
24. Жұбайыңыз аяғы ауыр кезеңде немесе етеккір келген кезде сабырлы болыңыз.
25. Оның қызғанышын да түсіне біліңіз, Хадиша анамызда да қызғаныш болған.
26. Кішіпейіл болыңыз. Егер сіз жақсы жұмыс істесеңіз, ол сіздің балаларыңызды тәрбиелеп отырғанын, үйдің жылуы, шуағы екенін, оның күші - сіздің күшіңіз екенін, оның табыстары - сіздің жетістіктеріңіз екендігін түсінгеніңіз абзал.
27. Достарыңызды әйелдеріңізден жоғары қоймаңыз.
28. Үй жұмыстарында жұбайыңызға жәрдемдесіңіз. Адамдардың ең үздігі Пайғамбарымыз (с.а.у.) да өз әйелдеріне үй шаруашылығы жағдайында қолғабыс еткен, өз киімдерін өзі жамаған.
29. Сіздің ата-анаңызды құрметтеуге талпындырыңыз, әрине, оны күштеп сыйлата алмайсыз, алайда, оларды уақыт өте жақсы көруге көмектесу - сіздің міндетіңіз.
30. Әйеліңізді керемет жұбай ретінде көрсетіңіз.
31. Өз дұғаларыңызға әйеліңізді үнемі қосыңыз. Дұға сүйіспеншілікті арттырады әрі оны қорғайды.
32. Өткен өмір өткеннің еншісінде қалсын. Өткендегі қазбалап, қайта-қайта еске түсіре беру-ешкімге жақсылық пен бақыт әкелмейді. Өткен ғұмыр сіз қозғайтын, сіздің тергейтін ісіңіз емес, бұл Алланың ісі екенін естен шығармаңыз.
33. Отбасына көмек көрсету, мысалы, азық-түлік сатып алу сізді әйеліңіздің алдында міндетсінуге әкелмесін. Шын мәнінде, сіз беруші емес, себепкер ғанасыз, өйткені, шын ризық үлестіруші - бұл Ұлы Жаратушы. Сондай-ақ, бұл сізді кішіпейілділік пен Аллаға шүкіршілік етуге үйретеді.
34. Сіздің дұшпаныңыз - шайтан, әйеліңіз емес. Ер мен әйел арасында ұрыс-керіс болғанда үшінші болып шайтан тұрады, ол - сіздердің шынайы дұшпандарыңыз. Оны жек көру жеткіліксіз, сіз оны Алла бұйырғандай, жауыңыз ретінде көруіңіз қажет. Шайтан сұмдықты жақсы көреді. Ол күн сайын өзіне бағынатын шайтандардың істеген істеріне қатысты есеп сұрайды. Біреулері: «Мен адамды ұрлық жасауға итермеледім», - дейді. Келесі біреуі: «Мен біреуді арақ ішуге көндірдім». Тағы бір шайтан: «Мен еркекті әйелімен ажырастырдым», - дейді. Осыны жасаған шайтан өз ісін жақсы орындаған болып есептеліп, олардың арасында марапатталады.
35. Өзіңіз тамақтандырыңыз. Осылайша Пайғамбарымыз (с.а.у.) үйреткен. Бұл тағам жұбайыңыздың асқазанына түсіп кетпейді, бірақ тікелей жүрегіне қарай түседі, ол сіздің араңыздағы сүйіспеншілікті арттырып, ара қатынасты бекемдейді.
36. Әйеліңізді шайтаннан немесе адамнан келуі мүмкін зұлымдықтан қорғаңыз. Жұбайыңыз адам мен шайтанның жаманшылығынан қорғалуды қажет ететін аса бағалы інжу сияқты.
37. Жұбайыңызға күлімсіреңіз. Күлімсіреу - садақа.
38. Ұсақ мәселелер үлкенге айналуы мүмкін. Егер оған қандай да бір кішкене нәрсе ұнамаса, ал сіз оны біле тұра қайта-қайта жасай берсеңіз, бұл сіздердің араларыңызда кедергі, алынбас қамал тұрғызуы әбден ықтимал. Тіпті бұл нәрсе ұсақ нәрсе болсын, алайда егер оны елемейтін болсаңыз, онда үлкен мәселеге айналып кетеді.
39. Дөрекі әрі қазымыр, өрескел болмауға тырысыңыз. Алла Тағала өз елшісі Мұхаммедке (с.а.у.) былай деген: «Егер сен дөрекі болсаң, олар сені тастап кетеді». Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) дөрекі болмаған еді, сіздер де дөрекі болмаңыздар!
40. Әйеліңіздің пікірін құрметтеңіз. Бұл - сіздің күшіңіз. Оның идеяларына, ұсыныстарына бейжай қарамайтыныңызды көрсетіңіз.
41. Оның әлеуетінің жетілуіне және табысқа жетуіне көмектесіңіз, себебі, оның жетістігі - сіздің жетістігіңіз.
42. Сіздердің өзара тығыз қарым-қатынастарыңызды байланыстыратын жіпті үзбеңіз, өзара қарым-қатынасты құрметтеңіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) әйелді мұқият қарауды қажет ететін нәзік ыдысқа ұқсатады. Мүмкін, кейде ол бір нәрсе жайында өзін нашар сезінеді, бір нәрсеге көңілі түскен болуы мүмкін, сондықтан оның сезімін құрметтеп, бағалаңыздар.
43. Оған балаларға қамқорлық жасауына көмектесіңіз.
44. Сөйлеу қабілетін пайдаланыңыз, оған жақсы нәрсе айтыңыз. Оның әдемі болып тұрғанын сездіріңіз әрі жағымды сөздерді шығармашылықпен жеткізе білу де тиімді.
45. Дастарқан басында бірге отырып, бірге тамақтаныңыз.
46. Баратын бағытыңызды, іссапарыңызды алдын-ала ескертіңіз. Сіздің іскерлік сапарыңыз оған ашық күнде жай түскендей әсер қалдырмауы қажет. Қайтатын уақытыңыз жайында да айтуды ұмытпаңыз.
47. Үйде қиындық болса, оны жалғыз қалдырып кетпеңіз.
48. Өз отбасыңыздың құпияларын жұртқа жарияламаңыз. Оларды туыстарыңыз бен достарыңыздың арасында талқыласаңыз, сіз некеңізге үлкен сызат түсіресіз. Ерлі-зайыптылар өздерінің құпияларын сақтауға құқылы. Ислам отбасының мәселелерін жұртшылыққа жария етуді құптамайды, сондықтан бөгде жұрттың сіздің отбасыңызды талқылап, құпиясын қазбалауына жол бермеңіз.
49.Бір-біріңізді ғибадат етуге ынталандырыңыз, мысалы, бірлескен қажылықты жоспарлау. Егер сіз Аллаға ұнамды амалдарды жасасаңыз, мысалы, таһаджутты оқысаңыз, араларыңыздағы сүйіспеншіліктеріңіз күшейеді.
50. Оның құқықтарын біліңіз, олар сіздің жүрегіңіз бен санаңызға жазылған болсын.
51. Алла Тағала: «Әйелдеріңмен жақсы тұрып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар», - деген (Ниса, 4: 19).Оларға мейірімділікпен қараңыз, қуаныш пен қайғыда оған мейірімді әрі адал қарым-қатынас жасаңыз.
52.Пайғамбарымыз (с.а.у.) әйелдерімен бірге нәзік қарым-қатынаста болған. Әйеліңізге жануар сияқты шабуыл жасамаңыз!
53. Әйеліңізбен ренжісіп қалсаңыз, ешкімге айтпаңыз. Бұл сіздің ашық жараңызға микробтар еніп, ол жерді үңгіп жеп жатқаны тәрізді. Мәселелеріңізді кіммен бөлісетініңіз жайында ойланыңыз.
54. Оның денсаулығына шынымен қамқорлық көрсететіндігіңізді білдіріңіз. Әйелдің жақсы денсаулығы - сіздің денсаулығыңыз. Оның денсаулығы жөнінде алаңдаушылығыңыз сіздің жақсы көретіндігіңізді айқындайды.
55. Сіз әрдайым дұрыс әрекет жасаймын деп ойламаңыз. Өзіңізді қаншалықты оң деп санасаңыз да, сіздің кемшіліктеріңіз бар. Сіз - мінсіз емессіз, ең ізгі, көркем мінезді, жалғыз адам - Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.). Сондықтан тәкаппарлық пен мақтаныш ауруынан құтылыңыз.
56. Өзіңіздің қайғы, қуаныштарыңызбен бөлісіңіз.
57. Әлсіздіктерін кешіріңіз. Жұбайыңыз әлсіз немесе күшті болғанына қарамастан, оған мейірімді болыңыз, себебі, ол - хрусталь ыдыс.
58. Сіз оның өмірдің қиын кезеңдеріндегі тірегі екендігін есіңізден шығармаңыз.
59. Жұбайыңыз қандай сол қалпында қабылдаңыз. Мұхаммед (с.а.у.): "Әйел қисық қабырғадан жаратылған. Егер оны түзеймін десеңдер, сындырып аласыңдар". Алла Елшісі (с.а.у.) айтқандай, егер оның бір қасиеті ұнамаса, басқа жақсы қасиеті болуы мүмкін. Сондықтан оны қалай бар, сол қалпында қабылдау абзал.
60. Әйеліңізге әрдайым жақсы ниет білдіріңіз, Алла сіздің ниеттеріңіз бен жүректеріңізде не жатқандығын бақылайды. Алла Тағала былай деген: "Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар" (Рум, 30:21).