Еркектердің әйелдер біле бермейтін 10 құпиясы
Еркектердің әйелдер біле бермейтін 10 құпиясы
6 жыл бұрын 17410
Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ

Ғалымның әңгімесінен: "Бір күні бір әйел маған өзінің күйеуінің үстінен шағым айтып келді. Айтқан шағымы: «Күйеуім мені жақсы көрмейді, айтқан сөзіме құлақ аспайды, қырсықтығы тағы бар, не істесем болады?»

Әйелге былай деп жауап бердім:

– Сөзіңізден ұққаным: сіз ер адамның табиғатын, онымен қалай қарым-қатынас жасау керектігін түсінбегенсіз.

– Бәлкім солай да шығар, бірақ сізге айтқанымның бәрі рас, – деді.

– Сөзіңіздің шын екенінде күмәнім жоқ. Менің ойымша, проблема өзіңізде, күйеуіңізді түсіне алмай жүрген сияқтысыз. Егер күйеуіңізден дәл қазір «Әйеліңізді жақсы көресіз бе?» деп сұрасақ, «Иә» деп жауап беретініне сенімдімін. Ол болса:

– Иә, күйеуім маған да жақсы көретінін айтады, бірақ менің бұған күмәнім бар, – деді. Оған:

– Онда менің сөзіме құлақ асыңыз. Әлемдегі ер адамның көпшілігіне тән сипаттарды баяндап берейін, содан кейін үкімін өзіңіз айтарсыз, – дедім. (Келісетінін білдіріп басын изедіАл ендеше тыңдаңыз:

Бірінші: Ер адам өмірде, өзіндік ой-пікірінде біреуге тәуелді болғанды қаламайды. Әйелінің де өмірінің әрбір сәтіне араласқанын ұнатпайды. Бұл – ер адамға тән табиғат. Кейде сіз күйеуіңізге насихат айтасыз, бірақ ол оны қабылдамайды, себебі өзі талап еткен жоқ. Ал әйел кісі мұны түсінбестікке, қаттылыққа балайды да, түрлі ойға беріліп ренжи бастайды. Бұл – әйел тарапынан болған қате түсінік.

Екінші: Ер адам көбінесе «Жоқ» деп жауап бергенді ұнатады, себебі бұл сөз оған өзінің жігіт екенін, күш-қуаты бар екенін сезінуге көмектеседі. Сіздің өтінішіңіздің көбі бірден қабыл етілмейтіні де содан. Сізге «жоқ» деген кезде ашуға салынсаңыз, жағдайды ушықтырып аласыз.

Үшінші: Еркектердің көбі өміріне, киген киіміне өзгеріс енгізгенін қаламайды, әсіресе өзгеріс енгізу талабы әйел тарапынан болатын болса. Себебі бұл нәрсе оларда әлсіздік сезімін тудырады, әсіресе отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінде.

Төртінші: Ер адам кез келген тақырыпты кіріспесіз бірден бастап кеткенді ұнатады. Егер бұлай болмаған жағдайда әңгімеден қашуы мүмкін. Ал сіз оны өзіңізбен әңгімелесуді қаламайды деп түсінесіз. Ақиқатында, сіз күйеуіңіздің тілінде сөйлесіп жатқан жоқсыз.

Бесінші: Еркектердің көбі көзбен көру арқылы әсерленеді. Әйелдегі сыртқы сұлулық, хош иіс, әдемі киім – еркектер тарапынан қатты бағаланады. Әйелдер жағы көбіне есту арқылы әсерленеді. Олар жылы сөзді, мақтауды жақсы көреді. Сізге айтарым, күйеуіңіздің табиғаты нені қалайды соны беруге тырысыңыз, сонда өз қалауыңызға да қол жеткізесіз.

Алтыншы: Ер кісі өзін құрметтемейтін әйелді жақсы көрмейді. Өз отбасында құрметке бөленбесе, оны сырттан іздейді.

Жетінші: Ер адам өз ісін жүйелеуде әйелге қарағанда жылдамырақ. Мысалы, үйден шығу үшін ер кісіге он минут жетіп жатыр, ал әйелге қосымша уақыт қажет. Сол себепті кейбір еркектер үйден әйелімен бірге шықпағанды ұнатпайды, тіпті осы үшін кейде ұрыс- керіс те орын алып жатады.

Сегізінші: Ер адам әйелдің күнделікті сөйлейтін сөзінің үштен бірін ғана сөйлейді. Ал кейбір әйелдер мұны басқаша жорамалдап, «менімен сөйлесуді қалаймайды» – деп іштей ренжіп жүреді. Жоқ, олай емес! Бұл – оның табиғаты.

Тоғызыншы: Ер адам бір істе көбінесе мақсатқа жетуді көздеп тұрады. Ал әйелдер бір мақсаттан екінші мақсатқа секіріп отырады. Мысалы, базарға кірген ер адамның мақсаты қалаған затын сатып алу болса, әйел кісіге базар аралау – қызық.

Оныншы: Әйелдер ерінің өзіне деген махаббатын сәт сайын сынап білгісі келіп тұрады. Күйеуі гүл шоқтарын күнде сыйға тартса да, әйел оны көп көрмейді. Тіпті кейбіреуі оны да азсынуы мүмкін. Күйеуі бір күн телефон шалмай қалса да, көңілі түсіп түрлі ойға барып жатады. Мысалы, күйеуі телефон шалмаған күні айнаның алдына барып, «Мен толып бара жатқан сияқтымын, бұрынғы сұлулығым көрінбей қалған ба қалай өзі, күнде телефон шалатын еді ғой, бүгін неге шалмады екен, әлде мен ұнамай жүрмін бе?» деген сынды. Бұл – әйелге тән табиғат. Ал ер кісіге жақсы көретініңізді жылына бір-екі мәрте білдіріп отырсаңыз жетеді. Оның әйелден бар талап ететіні – өзіне деген құрмет пен сенім. Осы он сипатты естіген соң, көзін төмен салған күйі біраз уақыт үнсіз отырды. Бір кезде:

– Айтқаныңыздың бәрі рас. Тіпті бізбен бірге бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан адам секілдісіз. Міне қызық! – деп таң қалды. Оған былай дейді:

– Күйеуіңізден айырылмаңыз, ол – нағыз жігіттің төресі! Ол қырсық та, қатал да емес! Сізді де қатты жақсы көреді, бірақ, өзі қалағандай жақсы көреді, сіз қалағандай емес! Себебі ол ер адам, табиғаты да сізден бөлек!"

0 пікір