Балалар суық тию ауруымен жылына 8-10 рет ауырып шығады. Негізінде ауру адамның иммунитет жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Ауырмайтын баланы өсіру мүмкін емес. Алайда оның иммунитетінің дұрыс қалыптасуына, вирустар мен инфекцияларға төтеп беретіндей денсаулығын сақтауға жәрдемдесуге болады.
Баланың тамақтану рационына мән беріңіз
Құрамында С, Е дәрумендері бар тағамдар, каротиноидтер, омега-3 майлы қышқылдары мен пробиотиктер бала иммунитетінің күшеюіне жәрдемдеседі. Ол үшін:
-
Қантты пайдалануына шектеу қойыңыз. Қант және өзге де тәттілер иммунитет жүйесін бұзады. Сондай-ақ, баланың гипербелсенді болуына әсер етеді әрі баланың ұйқысын бұзады.
-
Балаға тым құрығанда бес өлшем көлемімен 2 ас қасықтан жеміс-жидектер мен көкөністерді жегізіңіз. Мұндай жеміс-жидектер қатарында құлпынай, қауын, көкжидек, апельсиндер, гуава, папайя, манго болуы мүмкін. Иммунитетті мына көкөністер жақсы көтереді: картоп, брокколи, сәбіз, кәді, орамжапырақ және саумалдық. Бұл жеміс-жидектер мен көкөністер дәрумендер мен антиоксиданттарға бай, қанның құрамындағы ақ жасушалардың, анител санының артуына көмектеседі. Әрі қатерлі ісіктің алдын алады.
-
Баланың тамақтану рационына балық пен балық майын кірістіріңіз. Ал балық құрамында макрофактардың белсенділігін арттыратын омега-3 майлы қышқылы бар. Макрофагимак – ағзадағы бактериямен қоректенетін ақ жасушалар. Балаға аптасына 85 грамм балық жегізіп отырған дұрыс. Балық майын күніне бір капсуладан берген жеткілікті.
-
Тағам құрамына пробиотиктерді қосыңыз. Пробиотиктер – адам ішегінде өмір сүретін пайдалы бактериялар. Пробиотиктері бар тағамдар (йогурт, т.б.) ротавирустық жұқпа мен несеп жолдарындағы инфекциялардан сақтайды.
Екпелерді уақытында салдырыңыз
Баланың екпелерін қадағалап отыру үшін, педиатрға тұрақты барып отырыңыз. Вакцинация көптеген ауруларға қарсы иммунитеттің қалыптасуына көмектеседі. Стандартты екпелерден бөлек, жылына бір рет тұмауға қарсы вакцинация жасауға болады (дәрігер кеңесімен).
Баланың жеткілікті ұйықтайтынына мән беріңіз
Балалар тәуілігіне 12-13 сағаттан ұйықтауы керек. Дұрыс ұйқы – сау иммунитет жүйесінің кепілі. Егер баланың ұйқысында қандай да бір мәселе болса, педиатр көмегіне жүгініп, олқылықтың орнын толтыруға асығыңыз.
Балаға физикалық күш салу керек
Физикалық жаттығулар ағзадағы киллер жасушаларды арттыруға көмектеседі. Бұдан бөлек, жаттығудың бала денсаулығына пайдасы өте көп. Отбасыңызбен бірге белсенді тынығуды жиі ұйымдастырыңыз. Мысалы, велосипед тебіңіздер, парктерде, табиғат аясында жаяу жүріңіздер немесе доппен ойнаңыздар.
Баланы темекі түтінінен қорғаңыз
Темекі түтінін иіскейтін балалар бронхит, құлақ ауруы, астма т.б. ауруларға шалдығуға бейім болады. Кішкентай балалар жиі тыныстайды, нәтижесінде токсиндерді үлкендерге қарағанда көбірек бөледі. Сол себепті темекі түтінінен баланы сақтау өте маңызды. Жақындарыңыздан темекіні баладан алыс жерде тартуын өтініңіз.