Балалы болу үшін оқылатын таңдаулы 4 дұға
Балалы болу үшін оқылатын таңдаулы 4 дұға
6 жыл бұрын 13332

Ұрпақ беру, бала сүйдіру – бір Алла Тағаланың ғана бұйрығымен болатын нығмет. Алладан өзге ешкім бала беріп, бақыт сыйлай алмайды. Артынан қайырлы, өнегелі ұрпақ қалдырып кетуді армандаған адам Алла Тағаланың құдіретінің шексіз екендігін әсте естен шығармауы тиіс.

Егер әйел ұзақ уақыт бала сүйе алмай жүрсе, ерлі-зайыптылардың екеуі де күніне мына дұғаларды оқуына кеңес береміз.

Олар: «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!», – дейді («Фурқан» сүресі, 74-аят).  

رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصَّالِحِينَ

«Раббым, маған жақсысынан салиқалы ұрпақ нәсіп ет!» («Саффат» сүресі, 100-аят).  

وَإِنِّي خِفْتُ الْمَوَالِيَ مِن وَرَائِي وَكَانَتِ امْرَأَتِي عَاقِرًا فَهَبْ لِي مِن لَّدُنكَ وَلِيًّا 
يَرِثُنِي وَيَرِثُ مِنْ آلِ يَعْقُوبَ  وَاجْعَلْهُ رَبِّ رَضِيًّا

«Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр!» «Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!» («Мәриям» сүресі, 5-6 аят).  

هُوَ الَّذِي خَلَقَكُم مِّن نَّفْسٍ وَاحِدَةٍ وَجَعَلَ مِنْهَا زَوْجَهَا لِيَسْكُنَ إِلَيْهَا ۖ فَلَمَّا تَغَشَّاهَا حَمَلَتْ حَمْلًا خَفِيفًا فَمَرَّتْ بِهِ ۖ فَلَمَّا أَثْقَلَت دَّعَوَا اللَّهَ رَبَّهُمَا لَئِنْ آتَيْتَنَا صَالِحًا لَّنَكُونَنَّ مِنَ الشَّاكِرِينَ

«Ол сондай Алла, сендерді бір-ақ кісіден (Адамнан) жаратқан, және оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайына жақындасқанда, жұбайы жеңіл түрде жүкті болды. Сонда онымен жүріп ауырлаған кезде, Аллаға: «Егер бізге игі бала берсең, әрине шүкір етушілерден болар едік» деп жалбарды» («Ағраф» сүресі, 189-аят).

Алла сіз бен бізге қайырлы, берекелі ұрпақ сыйлап, оның тек жақсылықтарын көруімізді нәсіп еткей!

0 пікір