Бала емізудің дұрыс тəртібі
Бала емізудің дұрыс тəртібі
7 жыл бұрын 72269
Нәзипа ҚҰЛЖАНОВА

Босанған əйелдің емшегі 4–5 күннен былай қарай кемеліне келіп, дұрыс емізуге жараған сон-ақ, баланы тəртіпке үйрете бастаған дұрыс. «Баланы – бастан...» деген осыдан. Бала əуелде неге үйретсең, соны істейді. Баланың ауруының көбі асқазанның бұзылуынан болатын себепті, алдымен баланың тамақтануын тəртіпке салу лайық. Баланы алты айға дейін таза емшекпен асыраған дұрыс. Алты айға жетпеген баланы анасының жарытпауы тіпті сирек болатын норсе. Ондай бірен-саран реттерде дəрігердің айтуымен үш ай не төрт айдан да қосымша тамақ беруге болады. Көбінде қосымша тамақты алты айдан бұрын беруге жарамайды. Баланың асқазаны үлкен кісінікіндей емес дедік.

Дəрігердің зерттеуіне қарағанда, баланың емген сүті 2,5 сағатта барып бойына тарап, сіңетін болады. Сондықтан балаға емшек бергенде арасында 2,5-3 сағат, елше айтқанда, биенің 2 сауымы уақыт салып отыру керек. Олай болғанда, таң атқаннан ел жатқанша 6–7 рет емізіледі. Бала уақытынан асып ұйықтап қалса, оятпаған дұрыс.

Қырқынан шыққанша, кейде мұнан гөрі 1–2 ретін арт- тыруға болады. Түнде ел жатқаннан таң атқанша баланы емізбей үйреткен дұрыс. Үлкен кісі сияқты баланың да асқазаны түнде тамақтан тыныққаны лайық. Сонда күндізгі емген сүті бойына жұғымды болады. Тек жыласа, қарны ашты деп аузына емшек тығу – үлкен қате.

Жылаудың себебі көп болады. Асты былғанса да жылайды, бит, бүрге шақса да дамыл алмай жылайды. Нəзік тəніне жаялықтың тігісі батса да жылайды. Тойғызып алып, бесікке таңып тастау да қазақ баласының талай жылауының себебі болған шығар. Айтар тіл жоқ. Үлкен кісі емшекті тыға-тыға зорлықпен көндірген. Сау бала əлгіндей себептер болмаса, 3–4 сағатқа дейін жыламайды, тек соған əуелден үйрену керек. Үйренбей тұрған кезде біраз ғана жыласа да ештеңесі кетпейді. Оған шыдап, мезгілін күту керек. Үйреніп алған соң, бала сағат сияқты мезгілді өзі жылап білдіріп отырады.

Емізер мезгіліндегі емшекті кезек беру дұрыс. Бір емізгенда оң емшекті берсең, екіншіде сол емшекті бер. Соңыра бала жарты жасқа келгенде, екі емшегіңді беруге болады.

Емізгенде, шаруаға алаңдамай, орнығып отырып, бала тойып, аузынан сүт шығып ұйықтап қалғанша емізген дұрыс. Баланың құсуы балаға міндетті нəрсе емес. Шамадан артық еміп, сіңіре алмағандықтан болады. Көбінесе баланың іші желденіп, өтіп, ауруы мүмкін. Ауру да балаға міндетті нəрсе емес. Сондықтан осы тəртібін ерінбей, мықтап ұстану керек. Ана алғашқы кезінде ерінбей қолға алса, баланың үйренбейтіні болмайды. «Дертті емдеуден, дерттен сақтану оңай» дейді білгіштер. Бала емізерде қолыңды сабындап жуып, тазарып кел. Емізер алдында емшегіңді түкіріктеме, құрғақ десең, 1–2 тамшы сүтіңді шығарып дымда. Емізіп болған соң, баланы шайқамай, тербетпей, тыныш жатқызып қою дұрыс.

Мұрны бітіп, тұмауратып жүрген баланы емізерден бұрын мұрнын жұмсақ білтемен тазартып алу дұрыс. Оған болмаса, ішіне ашымаған таза қаймақ жақ. Баланы төсекте қойныңа алып жатып емізбе, тұншығып қалатыны болады. Кейде бала жылап, емшекті еме алмай қоятыны болады. Онда баланың аузын қара – аузы уылған болар. Онда тілінің үстінде ағарған, қызарған бөрткендер болады. Ол баланың аузынан сүйіп, емізік беріп, кір ұстағаннан болады.

Кейде əйелдің емшегінің ұшы жарылып, еміздірмей қояды. Ондайда, тіпті болмағанда, біразға дейін емшектің сүтін сорғышпен сорып алып, балаға қасықпен бере тұру дұрыс. Қысқасы, қалайда болса, дəрігер емшектен айыр демесе, баланы емшектен айырмаудың шарасын қарастыру керек. Ең асылы — емшек сүті, емізгеннің артынан емшекті таза, сулы орамалмен сүртіп, құрғатып қойған тазалыққа дұрыс болады. Бала емізген əйелдің
тамағы ойдағыдай болуы керек. Тамағы тоқ болғаны дұрыс. Іші күн сайын жүріп тұрғаны дұрыс. Қалалы жерде арақ, сыра ішу дұрыс емес. Қымызды үйренген калпынша ішуге болады. Жайшылықтағы үй ішінің қызметінен бала емізген əйелге тоқтаудың қажеті жоқ. Бірақ бала бағу қызметтің ең үлкені деп түсіну керек. Əсіресе, осыны əйелдің ері ескеруі керек. Балалы əйел монша бар жерде моншаға түсіп, болмаса жетісіне бір рет күллі денесін жуып жүргені дұрыс. Бұл тазалық балаға да, анаға да пайда. Бала емізіп жүргенде көбінде əйелдің айлығы тоқталады. Сол себепті емізіп жүргенде əйелдің бойына бала бітпейді. Бала біте қалса, емізуді тоқтатқан дұрыс. Асылы дəрігермен ақылдасқаны мақұл. Баланы бір жасқа толғанша емізу керек. Ең аз дегенде 9 ай емізу дұрыс.

0 пікір