Маргарет Малер - венгр дәрігер-психиатр, психоаналитик, бөліну, индивидуация түсініктеріне негізделген бала дамуының өз теориясын жасап шығарған. Бұл теория Фрейдтің псиxосексуалды даму теориясын толықтырады.
⠀
Малердің айтуынша даму үздіксіз өтетін процесс және даму нақты жаспен емес, адам қандай стадияға келгенімен анықталады. Туғаннан 2 айға дейін нәресте аутисттік күйде болады - өз қалауын қанағаттандырудан басқа сыртқы әлемге қызығушылығы болмайды. Ешқандай байланыс объекті жоқ, тек жалпы, бөлінбейтін, анасы да, әлем де, бала да бәрі біртұтас болып кеткен сияқты. Сондықтан бұл кезең аутистік кезең деп аталады.
⠀
Әрі қарай екінші айдан бастап 4-5 айға дейін симбиоз фазасы: балада аналық объект пайда болады да ана ең басты маxаббат объектіне айналады, ана мен бала арасында күшті байланыс орнайды. Бұл кезеңде отбасындағы эмоциялық климат өте маңызды, себебі бала анасының реакциясы, уайымы, ішкі толқыныстарымен "қоректенеді".
⠀
Келесі өте маңызды кезең - сепарация мен индивидуация кезеңі. Ол төрт кезеңшелерден тұрады. Бірінші сепарация дегенді анықтап алайық. Сепарация - баланың анадан псиxикалық бөліну процесі, өзіндік Менінің қалыптасуы. Ал индивидуация - бала Мен-інің жаңа дағды, білім, қабілеттермен баю, толу процесі.
⠀
Кезеңшелер:
1. Дифференциация. Қалыпты уақыты 9 айға дейін. Баланың істен нәтижеге қызығушылығы ауысады. Бала анасына қатысы жоқ сыртқы әлемге қызыға бастайды, бірақ үнемі соның жанында болғанды қалайды, себебі анасының жанын қауіпсіз орын деп қабылдайды.
⠀
2. Тәжірибе кезеңшесі. 15 айға дейін. Бала өзінің қолынан келетін істерге масаттанады (допты көтеріп, лақтыра алады, өзі бір қабырғадан екіншіге жете алады, ойыншығын жинай алады). Маңыздылығы балада анасының ішкі псиxикалық бейнесі қалыптасады, соның арқасында белгілі бір уақыт анасы жанында болмаса да тыныш бола алады, бейтаныс адамдарға алаңдайды. Алайда тым ұзақ уақытқа анасынан ажырап қалса ойынға деген немқұрайлық, мазасыздық, анасын іздеу, анасына ашулану пайда болады. Өте ұзақ уақытқа ажырап қалса уақытша анасына немқұрайлы қарайды.
3. Репрошман ("оралу"). Шамамен 2 жасқа дейін. Бала өзінің толассыз күшке ие емес екенін түсініп, соның әсерінен жалғыздық, дәрменсіздік сезіне бастайды. Эйфориядан тез ашуға мініп, көңіл-күйі күрт өзгереді. Агрессиясына ие болуға тырысып көреді, алайда өз күшін дұрыс игере ала ма, жоқ па анасына байланысты. Бала бір жағынан бүкіл әлемді өз дегеніне көндіргісі келеді, екінші жағынан оның мүмкін емес екенін де сезінеді. Оның ішкі құлшыныстары өзінің бақылай алу қабілетінен әлдеқайда күшті. Сондықтан анасы осы кезеңде баланың әрекетіне өз көзқарасын жеткізе алуы маңызды. Егер бала бір әрекетімен анасын қуантатынын, ал басқа әрекетімен ренжітетінін түсінсе, балада стимул пайда болады - анасын қуанту арқылы өзін қуантуға тырысады. Осылайша балада өмірге деген жаңа құлшыныс пайда болады.
⠀
4. Либидолық объекттің тұрақтылығы. Бұл кезең Малер бойынша үздіксіз процесс. Бала өзінің қалаулары мен мамасының тыйым салулары арасындағы конфликтті шешуі керек, және осы "қалаймын, бірақ болмайды" деген сезімге шыдай алуы керек.
⠀
Эго үнемі даму үстінде болады да, бала өзінің жақындарымен неғұрлым мықты, ересек қарым-қатынас орната бастайды. Бала (немесе ендігі ересек адам) өзіне сенімділік орнатады, ол сенімділік "мен жақын адамдардың жанында болмасам да, немесе уақытша ренжіссем де бәрібір олармен қарым-қатынасым тұрақты болады" деген сенімге негізделген. Адам анализге, өзін іштей бақылауға қабілетті бола бастайды.
⠀
Малер сонымен қатар әкенің рөлі туралы да айтқан: 18 айлығында бала тек анасымен емес, әкесімен де өзін іштей теңдестіреді. Әке балаға ішкі агрессияны игеру үлгісін көрсетеді. Яғни агрессияны тежеуді немесе басқа әрекетпен айналысып, өзін басуды үйретеді.