Адамның ештеңеге зауқы болмай, беймаза күй кешкенде не істесе болады?
Адамның ештеңеге зауқы болмай, беймаза күй кешкенде не істесе болады?
3 жыл бұрын 6641

Кей сәттерде адамның мазасы қашып, еш нәрсеге зауқы болмай, бейнебір қарабасып тұрғандай күйде болады. Жатса ұйқысы келмей, тұрса ұйқыға тартып, бейжай болатын кездер болады. Ондай кезде не істеген абзал? Алла Тағала Құран Кәрімге қатысты «Құран көкіректегіге шипа» деген. Яғни, жан тыныштығын берер, ішкі жан дүниеміздің шипасы. Сондықтан да, ондай беймаза күй кешкен кездерде Құран сүрелерін оқып, өзіңізге дем салғанның пайдасы зор.

Қай сүрені оқыса болады?

Құран сүрелерінің бәрі қасиетті, бәрі шипалы. Дегенмен, мұндай жағдайларда сүрелердің арасынан «Ықылас», «Фәләқ» және «Нәс» сүрелерін оқуды кеңес берер едік. 

Ендеше, ештеңеге зауқыңыз болмай, дел-сал күйі кешіп жатсаңыз, Ықылас, Фәлақ және Нас сүрелерін үш-үштен оқып, өзіңізге дем салыңыз. Ол үшін аталмыш сүрелердің әр оқылуында екі алақаныңызға үфіріп, басыңыздан бастап аяғыңызға дейінгі қолыңыз жеткен жерлерді төмен қарай сипап шығыңыз. Осылай үш-үштен қайтара оқып дем салып шыққаннан кейін Алланың қалауымен, бойыңыздағы жаман энергиялар кетіп, сергектік пайда болады. Зауқыңыз қайта оралады.

Аталмыш үш сүренің қазақша транскрипциясымен оқылуы төмендегідей:

Ықылас сүресі:

Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим.

«Қуль һуә-Аллаһу ахад.  Аллаһус-Самад. Ләм йәлид уә ләм юуләд. Уә ләм иәкул-ләһу куфуән ахад». (3 рет. Әр оқығанда алақаңызға үфіресіз...). 

Фәләқ сүресі:

Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим.

«Қуль ә‘уузу бираббил-фәләқ. Мин шәрри мә халәқ. Уә мин шәрри ғаасиқин изә уәқаб. Уә мин шәррин-нәф-фәә сәәти фил-‘уқад. Уә мин шәрри хаасидин изә хасәд». (3 рет).

Нәс сүресі:

Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим.

«Қуль ә‘уузу би Раббин-нәәс. Мәликин-нәәс. Иләһин-нәәс. Мин шәррил-уәсуәәсил хан-нәәс. Әлләзи юуәс-уису фи судуурин-нәәс. Минәл-жиннәти уән-нәәс». (3 рет). 

islam.kz/

0 пікір