Зәйтүн майының денсаулыққа тигізер 7 пайдасы
Зәйтүн майының денсаулыққа тигізер 7 пайдасы
7 жыл бұрын 7465
Хадиша ЕРМЕКҚЫЗЫ

Қасиетті Құран Кәрімде былай делінеді: «Алла сол сумен сендер үшін егіндерді, зәйтүн, құрма һәм жүзім бақтарын және әр алуан жемістерді өсіреді. Шүбәсіз, осының бәрінде ойланатын қауым үшін өте маңызды бір белгі, бір ғибрат бар» («Нахыл» сүресі, 11-аят).

Зәйтүн майы көптеген ғасырлар бойы халық медицинасында пайдаланылып келеді. Оны кез-келген ауру түріне қолданған: стоматологияда, асқазан аурулары, тері аурулары, улануда және т.б.

Бүкіл әлемде ең пайдалы, емдік қасиетке ие май ретінде танымал. Денсаулығымызға тигізер пайдасы орасан зор:

  • терімізді ылғалдандырып, жұмсартады;
  •  жасартатын қасиетке ие. Құрамындағы Е дәрумені мен антиоксиданттар әжім түсуді болдырмайды;
  •  тері жасушаларын қалпына келтіріп, дерматит пен құрғақтықтан сақтайды;
  • тұмауда;
  • асқазан-ішек жолдары ауруларында;
  • бас ауруында;
  • экзема, конъюнктивит  т.б. ауруларда көмектеседі.

Дәрігерлер зәйтүн майын тамақпен бірге күніне кем дегенде бір рет қолдану – әйелдердің омырау безі обырының алдын алып, онкологиялық аурулармен күресетінін айтады. Себебі, зәйтүн омырау безі обырының пайда болуына себеп болатын HER-2/neu онкогеніне қарсы тұрады. Басқа майларға қарағанда оңай сіңіріледі, сондықтан кез-келген қан тобындағы адам пайдалана алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жақсы көріп, күнделікті қолданатын майы болған. 

Қолдану жолдары:      

Зәйтүн майын күнделікті таңертең ашқарынға бір қасық ішіп тұрсаңыз, кез-келген аурудың алдын алып, денсаулығыңызды сақтай аласыз.

Тері күтімі. Ол бет терісіне ғана емес, сондай-ақ, шаш, тырнақ, бүкіл денеңізге жақсаңыз, теріңізді жібектей жұмсақ, тегіс етіп қалпына келтіреді. Қолдану да қиындық туғызбайды. Таңертең және кешке бет терісіне крем жаққандай етіп жақсаңыз болғаны. Ұйықтар алдында жағып, таңертеңге дейін қалдырсаңыз да болады.

Құрғақ шашты ылғалдандырып, майлы шашты қалпына келтіреді. 30 грамм зәйтүн майы мен екі жұмыртқаның сарысын араластырып, шашыңызға жағып жарты сағаттан соң жылы сумен сусабынмен жуып тастайсыз. Аптасына бір-екі рет осы масканы жасап тұрсаңыз, шашыңыз жұмсақ, жылтыр әрі сау болады.

0 пікір