Алла Тағаланың барлық құлдарынан қалайтыны – сеніміміз бен құлшылығымыздағы туралық пен беріктік. Ал мұның өзегі әрине «ықылас пен тақуалықта» екендігі талассыз.
Өйткені ықылыс пен тақуалық – сенім мен құлшылықтың өзегін құрайды. Оларды қажетті орынға көтеріп, ақылымыз бен көңілімізге жемісті болуына септігін тигізеді.
Сол себепті, сенім мен құлшылық қаншалықты маңызды болса, ықылас пен тақуалық соншалықты маңызды. Өйткені сенімнің ішіндегі өзегін алып тастасаңыз, бұзық соқыр сенімге айналады, ал құлшылықтардың өзегін алып тастасаңыз, құр әурешілік болып қалады.
Сондықтан да, бұрынғы сопылық жолындағылар мына бір өнегелі сөзді өмірлік ұстанымдарына айналдырған:
«Шариғаттан қылдай ажыраған адам – тариқаттан таудай алыстайды...».
Бар мәселе – дінді Алла Тағала қалаған түрде ұстануда жатыр. Ал ықылас пен тақуалық сол нәрсеге қол жеткізеді. Бұл екеуі болмаса, адамдар біраз уақыт өткеннен соң діннің атынан өз ойларын айта бастайды да, ақырында адасады. Өйткені христиан дінінің қайғылы соны осылай басталған.
Христиандар кезінде өз діндерін өзегінен, яғни, ықылас пен тақуалықтан ажыратып, намаздарын жиынға, оразаларын диетаға, сүндетті вафтизге айналдырып жіберген (вафтиз - сумен шоқындыру). Тәңірлі мүсіндердің ішінен іздей бастаған. Ақырында қолдарында не жөні түзу ахлақ (әдеп нормалары), не құқық, не иман, не ғибадат қалмады.
Осылай болғандықтан христиан діні «тәухид» (Алланы бір деу) сенімі болудан да қалып, «тәслиске» (үштік құдай сеніміне) душар болды. Осылай Аллаға серік қоса бастады. Алайда тәухид сенімі Аллаға серік қосуды көтермейді. Өйткені серік қосу – Алланың дәрежесін төмендету деген сөз. Яғни, қолдан келмей жатқан істе серіктестің көмегі қажет болады. Ал Құдай Тағала бұдан пәк.
Міне, осы тарихи шындық көрсеткендей дінді дұрыс ұстану, оған дұрыс сену – мұның бәрі де ықылас пен тақуалыққа негізделген де ғана мүмкін болады.
Әлбетте, Ислам діні Алла Тағала уәде еткендей қияметке дейін бұзылмай жалғасатын болады. Бұл тұрғыда алаңдаудың қажеті жоқ. Бірақ әрбір мүміннің өз жекебасының жағдайы не болады? Міне осы жөнінен кепілдік жоқ.
Тарихтан білетініміздей - Исламды тек ықыласпен және тақуалықпен алып жүрген қауымдар ғана Алла ризалығына сай тұп-тура жолды ұстана білген.
Ықылас пен тақуалықтан қол үзген қаншама адам діннен алыстап, адасып, бұзылып, жалған пәлсапалар мен пікірлердің теңізінде тұншығып қалған. Яғни, надандықтарын бақыт деп ойлап қалатындай дәрежеде ақымақтық бодауында шырмалып кеткен.
Олай болса бар мәселе – Аллаға, Алланың өзі қалайтындай құл бола білу. Алла Тағаланың құлына жарасатындай өмір сүріп өту. Сөйтіп Алла Тағалаға ақ маңдаймен қауыша білу. Мұның жолы, әрине тек (білім), ықылас және тақуалық қана. Басқасы бос әуре!
О, Раббым! Біздерді иманымыз бен амалдарымызда бір сәтке де ықылас пен тақуалықтан айырмағайсың! Кішкентай амалды да үлкен ықыласпен және тақуалықпен атқару пейілін бізге сыйлағайсың! Әмиин[1].
[1] Осман Нұри Топпаш: «Ықылас пен Тақуалық». «Хикмет баспа үй». Қазақ тілінде.