Тіс күтімінің ережесін білесіз бе?
Тіс күтімінің ережесін білесіз бе?
6 жыл бұрын 5464 baribar.kz
Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ

Тіс түбірі зақымданған кезде, ол міндетті түрде ауырады. Тіпті кейде адам төзгісіз дәрежеге дейін жетуі мүмкін. Тіс ауруына не себеп? Жүйке тамырларының зақымдануының бірнеше басқа да себептері бар:

  • тістің бұзылуы;

  • тістен айырылу;

  • тістің сынуы;

  • тісжегі;

  • қызылиектің қабынуы;

  • ұйықтап жатқандағы обструкциялы синдром;

  • самай-төменгі жақсүйек буындарының қабынуы (СТБҚ);

  • дұрыс бекітілмеген пломбалар немесе дұрыс бекітілмеген сауыттар.

Тіс қатты ауырғанда адамның ойын бөлініп, өз-өзін қоярға жер таппай кететінін бәрі білер. Науқас ұйықтай да, тамақтана да, тіпті сөйлей де алмай қалады. Егер сіздің тісіңіз үнемі ауыра берсе, ең дұрысы – тіс дәрігеріне дәрігерге көріну.

Тісті үй жағдайында емдеу

Кейде дәл қазір стоматологқа баруға жағдай келмей жатады. Мысалы, тісіңіз демалыс күні немесе түнде ауыруы мүмкін. Сондай кезде мына қоспаларды жасап көрген жөн.

Құрамы: ½ шай қасық қалампыр ұнтағы; ½ шай қасық кокос майы. Қалапмыр ұнтағының құрамында ауыруды басатын эвгенол химиялық қосылысы бар. Ал кокос майының микробқа қарсы әсері көп. Дайындау және қолдану тәсілі: Екі затты да әйнек ыдыста араластыру керек. Қоспаны тіс щеткасының көмегімен ауырған тіске салу керек. Бұл емшараны күніне 3 рет жасаған дұрыс.

Егер тісіңіз шыдатпай ауырып жатса, картоптың бір тілімін алып, әлгі зақымданған жерге басыңыз. Көкөністің құрамындағы элементтер ауруыңызды тез әрі оңай басуға көмектеседі.  Сарымсақ та түрлі ауру мен бактерияға қарсы тұратын күші бар. Бір түп сарымсақты тұзбен араластырып тісіңізге бассаңыз, әп сәтте аурудың басыла бастағанын байқайсыз.

Тіс ауырмау үшін…

Құрамында сілті (щёлочь) көп тағамдар жеңіз. Сілті сүйектерді қатайтып, сау болуына көмектеседі. Яғни, сілтіге бай тағамдарды көбірек жесеңіз, кариестің пайда болуының алдын аласыз. Мұндай тағамдардың қатарына көкөністер мен жемістер кіреді.

Қышқылдың деңгейін теңдестіріңіз. Ағзада қышқылдықтың көбеюі pH тепе-теңдігін бұзып, кальцийдің азаюына әкеп соғады. Ал кальций сүйектердің сау болуына көп әсері бар. Қышқыл және қанты көп тағамдарды аз қолдануға тырысыңыз.

Көкөністерді шикілей жеңіз. Отқа тиген көкөністер құнарлы заттарынан айрылып, жасушаларға пайдалы дәрумендері кемиді. Тым құрығанда, ара арасында шикілей жеп тұрыңыз, ағзаңыз барынша құнарлы заттарды алуы тиіс.

Шай ағашының майын қолданыңыз. Күнделікті тіс пастасымен қатар, тісіңізді шай ағашының майымен тазалаңыз. Бұл май ауыз қуысындағы барлық бактерияларды шайып, тістеріңіздің сау болуына зор үлес қосады.

Көбірек су ішіңіз. Судан сілекей құралады. Сілекейде ауыз қуысының денсаулығына маңызды ферменттер бар. Және де тістерді микробтардан қорғайды.

Тісіңізді әдемі болғанын қаласаңыз…

Тістің әдемі, түзу және аппақ болуы үшін тіс ағартудың өзге бір тәсілін ұсынамыз. Ол үшін әдеттегідей тісіңізді жуыңыз. Тіс щеткасын жуып, оған бір-екі тамшы шай ағашы (чайное дерево) майын алып тамызыңыз. Тісіңізді екінші қайтара жуыңыз. Енді түкіріп, аузыңызды шайыңыз. Сіздің тіс пастаңыз қаншалықты кірмен алыса алмағанын байқайсыз. Емдік шараны аптасына 2-3 рет жасап тұрыңыз. Әдіс үзбей қолданысқа ие болса, тісіңіз ағара түседі. Ауыз қуысыңызда балғындық дәмі сезіліп, тісіңіздің қандай жетістікке қол жеткізгенін байқамай да қаласыз.

0 пікір